Меню KDT

ЖАРҒЫСЫ

1.    Жалпы ережелер

 1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 26 мектеп-балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – коммуналдық мемлекеттік мекеме)  білім беру қызметтерін  жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2.    Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3.    Коммуналдық мемлекеттік мекеме Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы  29 қазандағы  № 1568 қаулысы негізінде құрылды.
4. Құрылтайшысы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Құрылтайшы) болып табылады. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің  орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 150011 Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, БСН 950540000460.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекемені мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ оған қатысты коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласы білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
6. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі атауы: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 26 мектеп-балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
    Орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Школа-детский сад №26» коммунального государственного учреждения «Отдел образования города Петропавловска» коммунального государственного учреждения «Управления образования акимата Северо-Казахстанской области».
7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы    
150005  Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы, Московская көшесі, 170.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «№ 26 мектеп-балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.






2. Коммуналық  мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

8. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркелген сәттен  бастап құрылған деп танылады және заңды тұлғаның құқығына ие болады.
9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері, мөрлері болады.
10. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
11. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша
өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
12. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің  азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні,
мақсаттары мен заты
    
 13. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты жеке тұлғаның жеке мүмкіндіктеріне сәйкес барынша мүмкін және сапалы деңгейде жалпы орта білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
Білім беру қызметтері коммуналдық мемлекеттік мекеменің негізгі қызмет түрі болып табылады.
14. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  келесі  негізгі  міндеттерді орындауын  жүзеге  асырады:  
1) қауіпсіз және жайлы оқу ортасын қамтамасыз ету.
2) мамандықты саналы таңдауға немесе одан әрі оқыту жолына қабілетті құзыретті тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау;
3) білім алушының мемлекеттік барлығына міндетті білім стандартына сәйкес қарастырылған ғылымның базалық негіздерін алуын қамтамасыз ету;
4) тұлғаның рухани, шығармашылық және жеке мүмкіншілігін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің мықты негіздерін қалыптастыру;
5) азаматтылық және патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке,  отансүйгіштік және азаматтығын, мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік тілге, халық дәстүрлеріне деген құрметін, кез келген антиконституциялық және антиқоғамдық қарсы жағдайда төзбестік әрекетін көрсетуіне тәрбиелеу;
6) өзінің құқықтары мен міндеттеріне саналы түрде қарайтын, белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың экономикалық, мәдени және қоғамдық-саяси өміріне қатысу қажеттілігін қалыптастыру;
7) Қазақстан Республикасында тұратын қазақ халқы мен  басқа да халықтардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, тарихын зерттеуге, отандық және әлемдік жетістіктерді тануына жетелеу;
8) тамақтану қызметін көрсетуге жағдай жасау.
15. Коммуналдық мемлекеттік мекеме белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
 -мемлекеттік стандарт негізінде уақытымен, өз деңгейінде оқу жоспары және бағдарлама  бойынша оқыту;
 - оқу-әдістемелік консультациялық және ғылыми материалдарды дайындау (оқу жоспарлары, оқу құралдары, конспектілер, бағдарламалар, лекциялар т.б.),  оларды  жүзеге  асыру;
- конференциялар, семинарлар, көрмелерді ұйымдастыру және өткізу;
- алғашқы медициналық-cанитарлық (дәрігерге дейінгі) көмек көрсету.  
Коммуналдық мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
    16. Коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жасалған мәміле Қазақстан Республикасының айқын шектелген заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен қызмет мақсаттары қарама-қайшылығы немесе басшының жарғылық құзыреті бұзылумен сәйкесінше саладағы (жергілікті атқарушы органның) уәкілетті органы немесе мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның немесе прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
17. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруына бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

4.  Іске асырылатын  білім беретін оқу бағдарламаларының  тізбесі

18. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  өз әрекетінде  келесі  білім беретін  оқу бағдарламаларын  жүзеге  асыруға  құқығы  бар:
- жалпы мектепке дейінгі және мектепалды даярлау бағдарламасы;
- бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті  білім  беру бағдарламасы;
- қосымша  бағдарламаның  жекелеген  пәндерді  тереңдете  оқыту шеңберінде  эксперименттік  алаңдар.
19. Білім берудің сәйкесінше мемлекеттік жалпы білім беру
стандарттары негізінде жаңа жалпы білім беру бағдарламалары құрылады.
Сәйкесінше мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарынан тыс оқушылардың жалпы білім беру және мәдени қажеттігін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында қосымша білім беру бағдарламалары іске асырылады.
    20. Мектеп  оқытудың жаңа технологияларын енгізу мақсатында,   білім  берудің  жаңа  мазмұнын  іске асыру  үшін  эксперимент  режимінде  жаңа білім  беру  бағдарламаларын өткізуіне  құқылы.  

5.Оқушыларды және мектепке дейінгі балаларды қабылдау,  оқудан шығару  және  бітіріп шығу тәртібі
5.1. Тәрбиеленушілерді балабақшаға қабылдау және шығару

21. Коммуналдық мемлекеттік мекеме  өз әрекетінде үш  жастан алты (жеті) жасқа дейінгі  балалар  «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жолдамасы,  баланың даму тарихынан көшірмесі, эпидемологиялық жағдай туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің анықтамасы негізінде қабылданады.
22.  Өтініштерді есепке алу, мектепке дейінгі ұйым  есебіне алу үшін жолдамаларды ресімдеу және беру тәртібін «Петропавл қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгілейді.
23. Жалпы дамыту үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымға ауыр жұқпалы аурулары бар, тірек-қимыл аппараты зақымданған ауыр нысандары мен ақыл-ой кемістігі бар балалардан басқа  үш  жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар қабылданады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту (3 және 4 жас) жас кезеңділігі және жас топтары (оқу жылының басындағы толық жастағы балалардың жасы) мынадай: мектепке дейінгі жас-3-6 жас: орташа жас-3 жастан бастап (орта топ); үлкен жас - 4 жастан бастап (жоғары топ).  Қазақ тілінде оқытатын балалар үшін үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің 60 көлемі мыналарды құрайды: - орта топ (3 жастан бастап)-ұзақтығы 15-20 минут 11 сағат; - жоғары топ (4 жастан бастап) - ұзақтығы 20-25 минут 12 сағат. Орыс тілінде оқытатын балаларға арналған үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі мынадай: - орта топ (3 жастан бастап)-ұзақтығы 15-20 минут 11,5 сағат; - жоғары топ (4 жастан бастап) - ұзақтығы 20-25 минут 12,5 сағат.
24. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды түзету жұмыстарының жағдайлары болған кезде жалпы дамыту үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жол беріледі.
25. Балабақшаға топтар бір жастағы және әртүрлі жастағы принцип бойынша топтастырылады.
 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 143 бұйрығымен мектепке дейінгі ұйымдар үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 маусымдағы № 254 бұйрығымен мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бекітілді.
26. Балаларды тұрақты және уақытша  болуға қабылдау бос орын болған жағдайда жыл бойы жүргізіледі.
Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 22 маусымда № 20883 болып тіркелді.
Жолдама беру кезінде баланың жасы ағымдағы оқу жылының 1 қыркүйегіндегі толық жас жағдайы бойынша ескеріледі
27. Балаға  коммуналдық мемлекеттік мекемеде орын  мынадай жағдайларда сақталады:
1) бала ауырғанда;
2) баланың медициналық, санаторлық-курортық және басқа ұйымдарда емделуінде және сауығуында;
3) ата-анасының бірінде еңбек демалысы  берілуінде;
4) баланың жазғы маусымда екі айға дейінгі мерзімде сауығуында.  
28. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде  баланы қабылдау үшін түсу жарнасын алу, сондай-ақ баланың ұзақ уақыт болмауы немесе сабаққа қатыспауы жағдайында  орын сақтау үшін  ақы алуға жол берілмейді.
29. Балабақшадан баланы шығаруды басшы  Құрылтайшымен келісу  бойынша мынадай жағдайларда жүргізеді:
1) баланы күтіп ұстау үшін ай сайынғы ақыны уақытында төлемегенде;
2) баланың  дәлелді себепсіз және әкімшілікке ескертпей балабақшаға бір айдан көп келмегенде;
3) балабақшада  болуына  кедергі  болатын  баланың жағдайы туралы
медициналық қорытынды болғанда.  

5.2.  Оқушыларды қабылдау және  шығару  тәртібі

30. Коммуналдық мемлекеттік мекемеге қабылдау ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте бірінші кезекте осы мектепке жататын бекітілген аумақта тұратын оқушылардың ата-аналарының өтініштері қабылданады.
31. Оқушыларды оқуға  қабылдау «Білім беру  туралы» Заңына сәйкес жалпы негіздерде жүргізіледі   және бар болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) ата-аналардың  (немесе оларды алмастыратын тұлғалардың) өтініші;
2)  баланың тууы туралы куәлігінің  көшірмесі;
3) денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық төлқұжат);
4) 3 х 4 фотосуреті – саны 2 дана.
32. Мектепке дейінгі балалардың топтан топқа, сыныптан сыныпқа ауыстыру педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады, сондай-ақ бос орындар болған жағдайда және әлеуметтік-психологиялық қызметтің келісімі бойынша ауыстыруға болады.
33. Білім алушыларды коммуналдық мемлекеттік мекемеден шығаруға құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасағаны үшін мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
Мұндай шешімнің негізі:
-  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  Жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін;
-  физикалық, моральдық, рухани, материалдық адамның жеке басына тиіспеушіліктер  принциптерін  елемегенде;
-  мемлекеттік мекемесінің ар-намысын қорлауға;
- коммуналдық мемлекеттік мекемесінде шылым шегу, спирттік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық құралдарды қолдану;
34. коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінен кәмелетке толған  оқушылар, оқу сабақтарын дәлелсіз себептермен  өткізген (10 және одан да көп күн) немесе қанағаттанғысыз үлгерімімен  коммуналдық мемлекеттік мекеменің педагогикалық кеңесінің шешімімен шығарылады.
35. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің түлектерін қорытынды аттестаттау және көшіру емтихандары «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жаппай білім беріп оқыту бағдарламаларын іске асырушы, білім беру ұйымдарында білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттаудың, үлгерімді ағымдағы бақылаудың Үлгілік қағидаларымен» сәйкес іске асырылады.
36.Қорытынды мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша негізгі орта мектеп және жалпы орта мектептің бітіруші түлектеріне білімнің сәйкесінше деңгейдегі мемлекеттік үлгідегі білімі туралы құжаттар беріледі.

6. Білім беру үрдісін  ұйымдастыру тәртібі

37. Оқу-тәрбие үрдісі  мемлекеттік  және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Мекеме қазақ және орыс тілдерін білуді және дамытуды қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес шетел тілдерін  үйретуді  жүзеге асырады.
38. Баланың жеке қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, білім алуға қолжетімділік жағдайларын ескере отырып, білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнына қарай оқыту күндізгі нысанда және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін үйде оқытуы жүзеге асырылады.
39. Пәндерді тереңдетіп оқыту оқытудың әртүрлі формалары мен әдістеріне, оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін дамытуға негізделген.
40. Оқытудың негізгі нысаны сабақ болып табылады. Коммуналдық мемлекеттік мекеме сыныптарындағы оқушылар саны 25 адамнан асады.
41. Сыныптар бейіндік және арнайы пәндер бойынша сабақтар мен зертханалық сабақтар өткізу кезінде, шетел, орыс және қазақ тілдерін, дене шынықтыру, информатика пәндерін оқу кезінде қолданыстағы нормативтерге сәйкес, егер оқушылар саны 24-тен асқан жағдайда екі кіші топқа бөлінеді.    
42. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбие және сабақтан тыс жұмысын  ұйымдастыруын  сынып жетекшілері,   балабақшада  тәрбиешілер сондай-ақ барлық педагогикалық қызметкерлер жүзеге асырады.
 43. Сабақ тәртібі – бес күндік жұмыс аптасы балабақшаның тәрбиеленушілері үшін және  1-4 сынып оқушыларына, бес күндік апта 5-11 сынып оқушылары үшін екі ауысым, сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Сабақтардың ұзақтығы балабақшада -15-30 минут
44. Әрбір сынып бойынша апталық оқу жүктемесі оқу жоспарының шекті нормаларымен айқындалады, қамқоршылық кеңеспен келісіледі.
45. Оқу жылының ұзақтығын, оның басталуы мен аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.
46. Оқу жылының аяқталуы  кезінде педагогикалық кеңестің шешімі бойынша мекеменің 5-8, 10-сынып оқушылары жазғы еңбек практикасын  өтеді. Практиканың сағат саны педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітіледі.
47. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  жоғары әдістемелік органы педагогикалық кеңес болып табылады, оның функцияларына  мыналар кіреді:
 - педагогикалық кеңестің отырыстары жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
- оқу-тәрбие жұмысының жоспарларын бекіту және олардың орындалуын бақылау;
- жаңа бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және бекіту;
- әдістемелік бірлестіктерге, әлеуметтік-психологиялық қызметке жалпы басшылық жасау;
- оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру, оқушылардың аралық және қорытынды аттестаттауы, ҰБТ сұрақтары, аттестаттар беру, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар және ерекше назар аударуды талап ететін оқушылармен жеке жұмыс бойынша шешімдер қабылдау;
48. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде оқыту мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, жоғары сатылар бойынша ұйымдастырылған.
49. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде білім алу орта мектеп көлемінде мемлекеттік білім стандартын және жалпы орта білім көлемінде оқыту бейініне байланысты тереңдетілген білімді қамтамасыз етеді.
50. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын коммуналдық мемлекеттік мекеме ұжымы әзірлейді. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің барлық құжаттарын шығару және тарату құқығы тек коммуналдық мемлекеттік мекемеге тиесілі.
51. Кәсіпорын күндізгі жұмыс тәртібі бар аралас үлгідегі мектепке дейінгі білім беру ұйымы болып табылады.
52. Кәсіпорындағы тәрбие-білім беру процесі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады және кәсіпорынның Жарғысымен айқындалады.
53. Кәсіпорын мыналарды қамтамасыз етеді:
 1) өзінің жарғысында айқындалған функцияларды орындау;
 2) білім беру бағдарламаларын толық көлемде іске асыруға;
 3) іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сапасы;
 4) білім беру процесін ұйымдастырудың қолданылатын нысандарының, әдістері мен құралдарының балалардың жас ерекшелігіне, психофизиологиялық ерекшеліктеріне, бейімділіктеріне, қабілеттеріне, қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес келуі;
 5) білім беру процесі кезінде балалар мен кәсіпорын қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғау болып табылады.
54. Кәсіпорын қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде білуді және дамытуды қамтамасыз етеді.
55. Кәсіпорын тиімді тәрбие-білім беру процесін қамтамасыз ету үшін (баланың жеке басының шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыру) педагогтарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты сақталған жағдайда, балама авторлық бағдарламаларды таңдауға, қолдануға, тәрбиелеудің, оқытудың және сауықтырудың жаңа технологияларын енгізуге құқық береді.
56. Білім беру және тәрбие процесін ұйымдастырудың негізі кәсіпорын жүзеге асыратын білім беру және тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу болып табылады. Жоспарлау оқу жоспарлары мен бағдарламаларының толық көлемде уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. «Кәсіпорынның» оқу және тәрбие жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесінің кестесін және теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
57. Білім беру міндеттерін тиімді шешу үшін кәсіпорында педагогикалық кеңес құрылады.
58. Оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету кезінде әрбір балаға мынадай кепілдік беріледі:
 1) оның өмірі мен денсаулығын қорғау;
 2) оның қадір-қасиетін қорғау;
 3) күш көрсету, моральдық немесе психикалық зорлық-зомбылықтың барлық нысандарынан қорғау;
           4) оның шығармашылық қабілеттері мен мүдделерін дамыту;
 5) дамуында орын алған кемшіліктерді профилактикалау мен түзетуде білікті көмек алу;
59. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық зорлық-зомбылық әдістерін қолдануға жол берілмейді.
60. Кәсіпорын балаларды тұрақты медициналық қызметпен қамтамасыз етеді, оны мектепке дейінгі ұйымның штатына кіретін медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Кәсіпорындағы балалар мен қызметкерлерге алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитарлық көмек көрсетіледі.
61. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тамақ өнімдерін тұтыну нормаларын ескере отырып, балалардың теңгерімді тамақтануын қамтамасыз етеді. Төрт мезгіл тамақтану режимі жүзеге асырылады.
62. Отбасы мен баланы әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында кәсіпорын консультациялық пункттің жұмысын қамтамасыз етеді. Оның жұмыс тәртібі кәсіпорын басшысының бұйрығымен анықталады.

7.  Білімді ағымдағы бақылау, білім алушылардың
аралық  және қорытынды аттестаттау  жүйесі

63. Білім алушылардың білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім беру ұйымы ККО арқылы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оқу жетістіктерін сыртқы бағалауды және білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауын және білім алушылардың аралық аттестаттауын өткізу түрін, тәртібі мен жиілігін  таңдауда дербес.
     64. Негізгі орта білім беру оқу бағдарламаларын меңгеруі білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттаумен аяқталады.

8. Қызметкерлердің,   оқушылар мен ата-аналардың
құқықтары, міндеттері  және  жауапкершілігі

65. Қоммуналдық мемлекеттік мекемесінің  білім алушылары құқылы:
1)    мемлекеттік жалпыға міндетті  білім  беру стандарттарына сәйкес     сапалы білім алуға;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары  аясында білім ұйымы кеңесінің шешімімен жеке оқыту жоспарлары, қысқартылған білім бағдарламалары бойынша оқуға;
3) қамқоршылық кеңеспен ынтымақтастық арқылы білім беру ұйымын басқаруға қатысу;
4) бір оқу орнынан басқасына, бір білім алу нысанынан басқасына қайта келуге және  ауысуға;
5) білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды, оның ішінде мүгедектерге, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға қолжетімді нысанда тегін пайдалану, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектерге, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға дайындалғандармен қамтамасыз ету;      6) спорт, оқу, акт залдарын, компьютерлік сыныптарын және кітапханамен тегін пайдалануға;
7) халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпарат алу;
8) өз пікірін,  ойын еркін білдіруге;
9) өзінің  адами қасиетін  сақтауға;
10) оқудағы  табыстары, ғылыми және шығармашылық қызметі  үшін  көтермелеу және сыйақы беру .
66. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің білім алушылары міндетті:
1)    мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес білімді, іскерлікті, машық дағдылар мен құзыреттілікті меңгеруге;
2)    білім ұйымының жарғысымен көзделген  ішкі тәртіп ережелерін, басқа да талаптарын сақтауға;
3)    өздері оқитын оқу орнының педагогикалық қызметкерлердің, басқа білім алушылардың    ар-намысын, абыройын, дәстүрлерін сыйлауға;
4) жалпымектептік ата-аналар жиналысының шешімінде белгіленген және қамқоршылық кеңеспен келісілген киім нысанын сақтау
67. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысының шешімінде белгіленген және қамқоршылық кеңеспен келісілген киім нысанын сақтау. Ата-аналар мен өзге де кәмелетке толмаған заңды өкілдері  мыналарға құқығы бар:
1)    баланың тілегі, жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін ескеріп, білім ұйымдарын таңдауға;
2)    ата-аналар комитеттері арқылы мекемені басқару органдарының жұмысына қатысуға;
3)    өз балаларының үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайларына қатысты  толық ақпарат алуға;
4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда өз  балаларының тәрбиелеу мәселелері жөнінде  консультативтік көмек алуға;
5) өз балаларының  шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына.
6)  өздері белгілеген бір көлемінде демеушілік көмек көрсетуге.
68. Ата-аналар және өзге де заңды өкілдер міндетті:
1)    балалардың өмірі мен оқуы үшін сауатты және қауіпсіз жағдай жасауға, олардың интеллектуалдық және физикалық күштерін дамытуды, адамгершілік қалыптасуын қамтамасыз етуге;
2)    балаларының жалпы орта білім алуын қамтамасыз ету («ҚР Неке және отбасы туралы Заңының 62 бабы 3 тармағы»);
3)    білім беру  мекемесіне  балалардың  оқу  орнына сабаққа  қатысуын  қамтамасыз  етуге;
4)    білім беру ұйымдарының қызметкерлері ар-намысын құрметтеу;
5)    білім беру ұйымдары қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір
қасиетін құрметтеу бұзушылықтар болған жағдайда «педагог мәртебесі» туралы 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 293-VI ҚРЗ Заңы шеңберінде жаза қолдану.
69. Педагог  қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері осы жарғымен және  мекеменің  ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен анықталады.
70. Педагогикалық қызметкер құқылы:
1)    кәсіби қызметке жағдай жасаумен педагогикалық қызметпен айналысуға;
2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименталды жұмыспен айналысуға, педагогикалық тәжірибеге  жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
 3) білім берудің тиісті деңгейіне сәйкес  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын сақтау жағдайында педагогикалық қызметті ұйымдастырудың амалдары мен түрлерін еркін таңдауға;
 4) білім беру ұйымының алқалы басқару органдарының жұмысына қатысуға;
 5) бес жылда кемінде бір рет ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілікті деңгейін арттыруға;
6) біліктілік санаты мен педагогикалық шеберлікті кемінде бес жылда бір рет, әкімшілікті - үш жылда бір рет арттыру, мерзімінен бұрын аттестаттау мүмкін;
 7) педагогикалық қызметтегі жетістіктері үшін мемлекеттік марапат, құрметті атақ, сыйақы мен атаулы стипендия түрінде рухани және материалдық ынталандыруға;
 8) өз кәсіби абыройы мен намысын қорғауға;
 9) әскери қызметіне  шақыруды   кейінге  қалдыруға;
10) педагогикалық өтілін сақтай отырып, ғылыми қызметпен айналысуға арналған шығармашылық демалыс;
11)  білім беру  мекемесі  әкімшілігінің  бұйрықтары  мен  өкімдеріне  шағымдануға;
12)  білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуіне.
71. Педагогикалық қызметкер  міндетті:
1)    өзінің кәсіби құзыреті саласында АКТ-ны пайдалана отырып, дәстүрлі және қашықтықтан оқыту кезінде тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеру және өзінің санаты мен педагогикалық шеберлік деңгейіне сәйкес келетін білім сапасына қол жеткізуге;
2)    мемлекеттік жалпы  білім  беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын  қамтамасыз етуге;
3) талап етілетін ақпаратты, есептілікті және құжаттаманы тиісті органның өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып, 18.03.2018 жылғы ҚР БҒМ 125 бұйрығының 8-тармағына сәйкес уақтылы қамтамасыз етуге;
4) семинарларда, кеңестерде, педагогикалық кеңестерде, конкурстарда
және желілік қоғамдастықтарда өзінің педагогикалық тәжірибесін ұсыну арқылы мектептің рейтингін арттыруға;
5) берілген санат талаптарына сәйкес мектепте өзінің педагогикалық қызметін ұйымдастыруға;
6) осы ұйымның жұмыс тәртібін (кезекшілік, оқушылармен жеке және топтық жұмыс жүргізу) сақтауды жүзеге асыруға;
7) «кабинеттерді басқару туралы  № 26 МБ Ережесіне» сәйкес
кабинеттерді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға;
8) мектеп мүлкінің, ұйымдастыру техникасының сақталуын және өз жұмыс орнындағы тәртіпті қамтамасыз етуге;
9) мектептің қоғамдық және спорттық өміріне қатысуға, дене шынықтыру мұғалімдеріне және қосымша білім беру педагогтеріне осы мектептің шағын ауданында салауатты өмір салтын насихаттауды жүргізуге;
10) білім алушыларды жоғары адамгершілік, ата-аналарға, этномәдени
құндылықтарға құрмет, қоршаған әлемге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
11) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
12) өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін тұрақты жетілдіруге;
13) кемінде бес жылда бір рет аттестаттаудан өтуге;
14) педагогикалық әдеп нормаларын сақтауға; келіспеушіліктер мен даулы мәселелер туындаған кезде педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңестің шешімін басшылыққа алуға;
15) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
16) білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері не өздеріне белгілі болған, білім беру ұйымынан тыс жерлерде осындай құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы білім беру мекемесінің басшылығын, құқық қорғау органдарын дереу хабардар етуге;
17) өмірлік қиын жағдайда жүрген бала анықталған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде білім беру мекемесінің басшылығын, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу бойынша хабардар етуге;
18) дресс-кодты сақтауға (классикалық киім стилі);    
72. Педагогикалық қызметкердің  беделін  түсіргені  үшін міндеттері мен нормаларын бұзғаны үшін  педагогикалық қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауапкершілікке тартылуы мүмкін.     73. Педагогикалық қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленгенінен  басқа жағдайларда өз кәсіби міндеттерін орындаумен байланысты емес  жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.
74. Білім ұйымдарындағы жұмысқа сот үкімі  немесе медициналық тұжырымдамамен педагогикалық қызметпен айналасуға тыйым салынған, сондай-ақ заңмен белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе кешірілмеген   сотталғандығы  бар тұлғалар жіберілмейді.
75. Педагогикалық қызметкерлерге оқу үрдісін  саяси үгіттеу,  діни насихат немесе оқушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан Республикасы заңнамасына қарама-қайшы әрекеттер жасауға  итермелеу мақсатында пайдалануға тыйым салынады.




9.  Ақылы қызметтерді ұсыну тәртібі  және тізбесі

76. Мекеме  білім алушыларға  білім беру қызметтерін бюджеттік қаражат есебінен тегін көрсетеді.
77. Мекемеге  білім алушыларға  білім беру қызметтерін  мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты аясында ақылы негізде көрсетуге тыйым салынады.
78.    Мекемеге білім алушылар мен педагогикалық қызметкерлерден 68-
тармақпен көзделген жағдайлардан басқасында, ақша алуға тыйым салынады.
79.    Коммуналдық мемлекеттік мекеме мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарттары талаптарынан  бөлек ақылы қызмет көрсету туралы келісімшарт  жасалуымен ата-аналармен келісіп ақылы негізде мынадай қыметтер көрсетуге құқылы:
1)      қосымша   білім   бағдарламаларын   іске асыруға  (балалар  мен
жасөспірімдер шығармашылығын,  спорт, мәдениет және  өнер саласындағы  қабілеттері мен  қызығушылықтарын дамыту);
2)    баланы балабақшада күтіп-бағу үшін ата-аналардан немесе оларды алмастыратын адамдардан алынатын ай сайынғы төлемнің мөлшері баланың жасына қарамастан, тамақтануға жұмсалатын шығындардың 100% - ын құрайды;
3)     оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс  балабақша  тәрбиеленушілерімен  қосымша  жалпыдамыту  сабақтарын    жеке білім алушылармен  қосымша сабақтар ұйымдастыруға;
4)    білім алушылармен пәндер (пәндер немесе пәндер циклі) бойынша негізгі ғылымдарды тереңдетіп оқытуын ұйымдастыруға;
5)     коммуникативті –тілдік  бағыты  - ағылшын, қазақ, орыс  тілдері  және  риторика;
6)    көркем-эстетикалық бағыты  - хореография, бейнелеустудия;
7)    дене шынықтыру  сауықтыру  бағыты -   ритмика,  физиоемдеу, логопед, жалпы дамыту  үйірмесі, түзету гимнастикасы.
8)     жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың  тамақтануын қамтамасыз етуге.
80. Ақылы қызмет көрсететін білім ұйымы мен білім алушы, оның ата-анасы немесе өзге заңды өкілдерінің  өзара қатынасы шартпен реттеледі.          
81. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің ақылы негізде көрсетілетін қызметтерінің бағалары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілуге жатады.

10. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару тәртібі

82. Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген уәкілетті орган  (жергілікті   атқарушы  орган)   жүзеге асырады.
83. Уәкілетті осы саланың  (жергілікті атқарушы органы) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітеді;
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5)   коммуналдық    мемлекеттік   мекеменің  басқару  органдарының
құрылымын, құрылу  тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
6) коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
7)  коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
8) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
9) коммуналдық мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға, коммуналдық мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
84. Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген (жергілікті орындаушы  органымен)  басқа жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органмен қызметке тағайындалады және қызметтен босатады.
85. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, уәкілетті органға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасымен  белгіленген  жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады.
86. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы дара басшылық қағидасы бойынша әрекет етеді және  коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы жарғыда айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
87. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда коммуналдық  мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдама, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлері бойынша  тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және
нұсқаулар береді;
8) уәкілетті органмен (жергілікті  атқарушы органымен) тағайындалатын  қызметкерлерді қоспағанда,  коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген  тәртіпте көтермелеу және тәртіптік жаза  шараларын қолданады;
10) гендерлық саясатының ұстанымын бұзбайды;
11) өз орынбасарының (орынбасарларының) және коммуналдық мемлекеттік мекеменің өзге де басқарушы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және ( жергілікті  атқарушы  органмен)  уәкілетті органмен  жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
 88. Білім  беру мекемесінің  басшысы  келесіге  жауапты:
1) білім  беру  қызметкерлерінің,  оқушылардың, тәрбиеленушілердің, жұмысшылардың  құқықтары  мен бостандықтарын  бұзуына;
2)жеке  құзыретіне  жататын  қызметін  орындамауына;
3) мемлекеттік  жалпыміндетті  білім  беру  стандартының талаптарын бұзуына;
4) оқу- тәрбие  үрдісі  кезінде  оқушылардың,  тәрбиеленушілердің  және  білім  беру қызметкерлерінің өмірі  мен  денсаулықтарына;
5) қаржы-шаруашылық  жағдайы  соның  ішінде  материалды  және  ақшалай  қаражатты  мақсатсыз  пайдалануына;
6) басқа  да  келісім-шартта  және  нормативтік  құқықтық  актілерде  қарастырылған  талаптарды  бұзу.

11. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің құрылу тәртібі

 89. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, оның құны оның теңгерімінде көрсетіледі.
Мемлекеттік  мекеменің мүлкі  мыналардың  есебінен  қалыптасады:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
90. Коммуналдық мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен смета бойынша бөлінген қаражат  есебінен сатып алынған  мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
91. Егер Қазақстан Республикасының заңдарымен коммуналдық мемлекеттік мекемеге кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда білім беру саласындағы коммуналдық  мемлекеттік мекемелер өндіретін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны қоспағанда, мұндай қызметтен алынған ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылады.
92.  Егер қосымша қаржыландыру көзі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленбесе, коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган бюджеттен немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қаржыландырады.
93. Коммуналдық  мемлекеттік  мекеменің  қаржысы  құрылады:
- жергілікті  қаражаттың  бөлінген қаржысы;
- ерікті  жарна, мекемелердің, заңды  және  жеке  жанашырлық  жәрдемі;
- қайырымдылық  қорлары   және  гранттар;
- бюджеттен  тыс  қаражат.
94. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
95. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) жүзеге асырады.

12. «Мекеме»  мен  мемлекеттік  мүлігі  бойынша  
уәкілетті  органымен,  «Мекеме» әкімшілігі
және еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас

 96. «Мекеме" және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы заңнамаға сәйкес шарттық талаптармен құрылады.
97.  «Мекемеде» оқыту құқығы директордың бұйрығымен кандидаттың бос орынға  жазбаша өтініші негізінде беріледі.
Басшының, егер оның пікірінше, біліктілік мекеме талаптарының деңгейіне сәйкес келмесе, бас тартуға құқығы бар.
98. «Мекеме" әкімшілігі жұмысқа қабылдау кезінде директор мен қызметкер арасында жеке еңбек шартын жасасуға құқылы, онда екі тараптың құқықтары мен міндеттері, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметкердің еңбегіне ақы төлеу шарттары, сондай-ақ өзара қатынастары еңбек заңнамасына сәйкес реттелетін жалдамалы жұмысшыларды шарттық негізде тарту құқығы көрсетілген.

13. Коммуналдық  мемлекеттік мекемедегі  жұмыс тәртібі

99.  Коммуналдық мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.
100. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі  еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

14. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар
еңгізу тәртібі

101. Коммуналдық мемлекеттік  мекеменің  құрылтай  құжаттарына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) шешімі бойынша жүргізіледі.
102. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

15. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру
 және тарату шарттары

103. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
104. Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша – аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты қайта бөледі.
Таратылған мемлекеттік заңды тұлғаның мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

16. Қорытынды ережелер

105. Осы Жарғы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген  сәтінен бастап күшіне енеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің білім басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«Петропавл қаласының білім бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
«№ 26 мектеп-балабақша» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі директоры
    
  Л.В.Гальчукова         _________                                            
                       Т.Ә.Ж.             қолы




Список пуст

Директоры: Гальчукова Лариса Васильевна

Опрос

Сіздің ойыңызша, баланың мектепке дайындығы қандай?

Дауыс беру

Статистика

  • Осы айда661
  • Осы аптада111
  • Кеше12
  • Бүгін1
  • Желіде:0

Пайдалы сілтемелер