Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Тегін тамақтануға арналған құжаттар тізімі
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.02.2012 жылғы № 255 қаулысы Әлеуметтік және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты жұмсау қағидаларын бекіту туралы аз қамтылған отбасылар қатарындағы қорғалмаған білім алушылар мен білім алушыларға»

Мектепте тегін тамақпен қамтылуға жататын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің санаттары

1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар;
3) жетім балалар және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар;
4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар;
5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары .

Тегін тамақтану үшін келесі құжаттар тізімін ұсыну қажет

Өтініш
Өтініш берушінің жеке куәлігі
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
Неке қию немесе бұзу туралы көшірме
Мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін жергілікті атқарушы органдар ұсынатын көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама;

жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін-алынған табыстар туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі табыстар туралы анықтама);

жетім балалар мен отбасында тұратын ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін-уәкілетті органның қорғаншылықты (қамқоршылықты) бекіту туралы шешімі, патронаттық тәрбиеге, асырап алушы отбасына беру туралы шарт;

төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар үшін-төтенше жағдайдың салдарынан шұғыл көмек көрсету қажеттігін растайтын құжат;

білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары үшін – отбасының материалдық – тұрмыстық жағдайын, сондай-ақ қаржылық және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттарды тексеру негізінде жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды беру туралы білім беру ұйымының алқалы басқару органының шешімі.

 

Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы