Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жылы 27 сәуірде «№26 мектеп-балабақша» КММ «Өрлеу» БАҰО СҚО бойынша филиалының директоры Лейла Серікқызы Алмағамбетованың қатысуымен Lesson Study бойынша оқыту семинары өтті.
Бұл кездесудің мақсаты: Lesson Study сабағын зерттеу бойынша педагогтердің білімін тереңдету және жүйелеу.
Семинардың теориялық бөлімі барысында мұғалімдерге рефлексивті есеп дайындау, мақалалар мен жинақтар жазу бойынша ұсыныстар берілді.
Практикалық бөлім оқу жылының басында құрылған 6 фокус-топтың жұмысынан тұрды. Интерактив өткізіліп, барысында фокус-топтар өздерінің сабақ зерттеулерін ұсынды. Әрбір фокус – топпен жұмыс істей отырып, Лейла Әлмағамбетова айтылған тақырыптар мен зерттеу мақсаттарына түзетулер енгізді, мектеп командасын қалыптастыру, сабақтарды бақылау және бірлесіп жоспарлау т.с.с. мәселелерде пәрменді әдістемелік көмек көрсетілді.
Мектеп ұжымы СҚО бойынша «Өрлеу» БАҰО @orleu_sko және Лейла Альмагамбетова @leeloo4891-ге осындай мүмкіндік үшін үлкен алғысын білдіреді.

Құжаттама