Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«№26 мектеп-балабақша» КММ 18 наурыз күні 1-4 сынып оқушылары «Жақсылыққа жаршы болған Наурыз» атты іс -шараға С.Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрына барды.
Бұл іс-шараның мақсаты: балаларды көктемгі «Наурыз» мерекесімен таныстыру; қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына қызығушылықтарын арттыру; Отанға деген сүйіспеншілікке, түрлі ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Қызықты қойылымнан кейін балалар екінші қабатқа көтерілді, онда театр әртістері балалармен көптеген қызықты ойындар ойнады, балалар би биледі, ән айтты, ойнады. Шара соңында Шашу шашылып, іс-шара қызықты, танымдық, жарқын және түрлі-түсті болды. Балалар мен мұғалімдер көптеген ұмытылмас әсерлер мен эмоциялар алды.