Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Министр арнайы бұйрыққа қол қойды

Оқу-ағарту министрлігі биылғы оқу жылының аяқталу мерзімін бекітті
Фото: tengrinews.kz
Қазақстанда 2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың мәлімдеуінше, министр қол қойған құжатқа сәйкес, оқу жылы 31 мамырда аяқталады.

Ал 2-13 маусым аралығында білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары өткізіледі.

Сонымен қатар 11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 5-19 маусым аралығында өткізіледі.

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілген:

оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;
математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2023 жылғы 6 маусым;
өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;
таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 13 маусым;
Ал 11 (12) сынып оқушылары үшін:

оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;
алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым;
Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;
сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;
таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) – 2023 жылғы 19 маусым.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау бойынша тиісті шараларды ұйымдастырады.

бұйрық Оқу-ағарту министрлігі оқу жылы
Өзге де өзекті мақалалар:
Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы көпірлер тексеріледі Бүгін, 23:46
Маңғыстау облысында айкезбеге шалдыққан қыз 2 әпкесін пышақтап тастады Бүгін, 22:37
Республикалық трассалардың 8 учаскесінде жол қозғалысы шектелді Бүгін, 22:12
«Ұлттық киноны қолдау емес — қорлау орталығы». Алматыда бір топ режиссер, продюсер шу шығарды Бүгін, 21:34
Астана-Щучье аралығында барлық автокөлік түрі үшін жол жабылды

Құжаттама

Аты Түрі мен өлшемі
204 бұйрық ББЖМ pdf, 80 KB Қараңыз Жүктеу