29 қаңтар күні “№26 мектеп — балабақша” КММ бастауыш сыныптарға арналған «Тіл-әр ұлттың ең ұлы анасы» тақырыпта қазақ тіл апталығына орай салтанатты апталықтың ашылауы өтті. Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, оқушының сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту. Қазақ тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу болатын. Оқушылар өздерінің жаттаған өлеңдерін айтып, билерін орындап қошеметке иеленіп, өте риза болды.