Балабақшамен қоштасу – балалық шақпен қоштасу! 🎓🌟
2025 жылғы 26 мамыр күні біздің “Радуга” орыс тілінде оқытатын мектепалды тобы үшін ерекше және әсерлі күн болды — бітіру ертеңгілігі өтті!
Бұл күн — балалар, ата-аналар мен тәрбиешілер үшін нағыз жүрек тебірентерлік сәтке айналды. Қуаныш пен толқу сезіміне бөленген бүлдіршіндер сүйікті балабақшасымен қоштасып, жаңа — мектеп өміріне алғашқы қадам жасауға дайын екендерін көрсетті.
Мерекелік іс-шара барысында балалар ән айтып, өлең оқып, би билеп, түрлі шығармашылық нөмірлерін ұсынды. Қызықты байқаулар мен қойылымдар көрермендерді тәнті етті. Әр бала өз таланты мен алған білімін жарқырата көрсете білді.
Тәрбиешілер түлектерін сүйіспеншілікпен, мақтанышпен шығарып салса, ата-аналар қуаныш пен толқынысқа толы көз жасына ерік берді.
Салтанатты түрде естелік дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Шара соңында ата-аналар жүрекжарды алғыс сөздерін айтып, тәрбиешілерге шынайы ризашылықтарын білдірді.
Бұл күн балабақша тарихындағы ұмытылмас беттерінің бірі болып қала береді!
«№26 мектеп-балабақшада» 7 — мамыр — Отан қорғаушылар күні мен 9- мамыр — Жеңіс күніне арналған мерекелік ертеңгілік өткізілді.
Мақсаты: тәрбиеленушілердің бойында Отансүйгіштік қасиеттерін, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлей білуге, оны өз бетінше қорғай білуге тәрбиелеу.