Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
Бірінші сыныпқа түсетін балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін электрондық үкімет порталы Egov.kz арқылы жүзеге асырылады.
Мектептер алты жасқа толған және 2025 жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдайды. Әр мектепке бекітілген қызмет көрсету аумағы бар. Мектептер қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың даярлық деңгейіне қарамастан қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:
1.Ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің өтініші (құжат “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау” мемлекеттік қызметіне қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес толтырылады);
2.ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген:
Құжаттарды қабылдау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, “№26 мектеп-балабақша” КММ-не 51-26-28 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.
Құрметті ата-аналар!
2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасатын бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылдана бастайды.
Баланың құжаттарын egov.kz электрондық үкіметтің веб-порталында, sakura24.kz сайтында және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы тапсыруға болады.
Бірінші сыныпқа алты жасқа толған және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар ата–анасының немесе заңды өкілінің жеке өтініші негізінде өтінішті еркін нысанда, денсаулық жағдайы туралы анықтаманы — №065у нысаны, № 052-2/у баланың денсаулық паспортын және 3х4 баланың 2 дана фотосуретін бере отырып қабылданады. Өтінімдер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін қабылданады.