Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

30 қаңтар күні “№26 мектеп  – балабақша” КММ  3-сыныптарға қазақ тілінің мұғалімі Кониспаева Нургуль Корганбаевна «Әсемпаз болма әрнеге» тақырыбында қазақ тіл апталығына орай мәнерлеп оқу шарасын өткізді. Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген жанашырлықтарын дамыту, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, қазақ тіліне деген құштарлықтарын арттыру болатын. Оқушылар жаттаған өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыды. Ерекше құрметке ие болып, қошеметке бөленді. Шара соңында әндер орындалып, мерекелік көңіл күймен тарқасты. Келген қонақтар өздерінің тілектерін айтып, шашу шашты.