Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

07 ақпан күні «№ 26 мектеп-балабақша» КММ қазақ тілі мұғалімі Кониспаева Нургуль Корганбаевна 3 “В” сыныбында  “ Бұл –орталық музей ” тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. Мақсаты, жаңа тақырып барысында жаңа сөздерді таныстыру, мәтінді мәнерлеп, шолып, бөліп оқу, тірек сөздер, сызбалар, суреттерді қолданып, постер, мәтін құрастыру. Сабақта «Сыңарыңды тап», «Ойлан, тап», «Ашық микрофон», «Кластер», «Суреттер сөйлейді» әдістерін тиімді қолданды. Заманауи тұрғыдан оқушылардың QR-код арқылы жұмыс істеуі оқушыларды сабаққа одан сайын ынталандыра түсті. Әр тапсырмаларға кері байланыс, критерийлер  сәйкесінше құрастырылған. Сабақты бақылаушылар жоғары деңгейде бағалады.