«Наурызнама» онкүндігі аясында «№ 26 мектеп-балабақша» КММ 5-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері «Ата-баба дәстүрі — ұрпаққа өнеге» атты іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты қазақ халқының атадан келе жатқан салт-дәстүрлерін қазіргі жастарға дәріптеп, қайта жаңғырту. Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақ тілі мен әдебиетінен мемлекеттік және 5-8, 10-сыныптарда аралық аттестаттау аясында өткізілетін емтиханға дайындықтарын күшейту негізінде сөздік қорларын, сөйлеу мәнерлерін арттыру.
«Отбасы мен мектептің өзара әрекеті – оқушылардың табыстылығының кепілі» атты жоспарланған ата-аналар жиналысы мерекелік көңілмен, яғни, қазақ халқының «Шашу» дәстүрімен басталып, оқушылардың ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерін тамашалаумен жалғасты. Атап айтсақ тоқымқағар, қымызмұрындық, шолпы тағу, атастыру, сырға салу, айтыс, ақ алып шығу, ерулік, бастаңғы дәстүрлерін тамашалады. Оқушылар көрініс көрсету кезінде қазақ тілін қаншалықты меңгергендерін және тілге деген қызығушылықтарын көрсете білді. Жиналысқа «Сенімен Болашақ» республикалық қоғам бірлестігі филиалының жетекшісі Мұхамеджанов Ж.К. және СҚО әдістемелік орталығының әдіскері Баукенова Ж.А. қатысты.
Ата-аналар мен келген қонақтар оқушылардың өнерлеріне тәнті болып, қызыға тамашалады. Мемлекеттік тілге және оқушылардың өнерлеріне өз құрметтері мен алғыстарын білдірді. Мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлде ерекше орын алатынын, тілдің қолдану аясы кең екендігіне көз жеткізді.