«№26 мектеп-балабақша»КММ жазғы демалыс кезінде 4-сынып оқушылары «Өсімдіктер патшалығы» үйірмесіне қуана қатысуда. Балала р бөлме өсімдіктеріне күтім жасауды үйреніп жүр: гүлдерге су құяды, топырағын қопсытады, мектептегі жасыл бұрыштарды күтіп-баптайды және өсімдіктердің өсуін бақылайды.

Осындай жұмыстар балалардың еңбекқорлығын, жауапкершілігін, табиғатқа деген қамқор қарым-қатынасын және қоршаған ортаға сүйіспеншілігін дамытады. Оқушылар өсімдіктер туралы жаңа мәліметтерді қызығушылықпен меңгеріп, оларды күту жұмыстарына белсенді қатысады.

«Өсімдіктер патшалығы» үйірмесі балаларға пайдалы білім беріп қана қоймай, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, уақытты тиімді өткізуге және мектеп ортасын әсем әрі жайлы етуге мүмкіндік береді.


Бүгін, 29.05.2026 күні, «Бисер тоқу» үйірмесінде балалар «Сакура» ағашын тоқыды. Оқушылар үлкен қызығушылықпен негізгі тоқу тәсілдерін меңгеріп, әдемі жұмыстар жасады.


Бүгін, 29 мамырда «Палитра» үйірмесінде балалар ЖАЗДЫ салып жатыр, алдыда — демалыс, жаз, күн, гүлдер! Бүгін оларда соңғы сабақ. Шілде айында үйірме өз жұмысын қайта жалғастырады!


28 мамыр 2026 ж. күні «Музыкалық қозғалыс» үйірмесінде балалармен бірге жаңа репертуар таңдадық. Жарқын жазғы әндерді іріктеп, тыныс алу жаттығуларын жасадық.