2026 жылғы 5 маусымда “№26 мектеп-балабақша” КММ “Робототехника” үйірмесінің сабағында оқушылар заманауи технологиялар әлемімен танысуды жалғастырды! Сабақ барысында балалар роботтарды жобалау және бағдарламалау негіздерін үйренді, логикалық ойлауды, инженерлік дағдыларды және командада жұмыс істеу қабілетін дамытты. Әр қатысушы өз шығармашылығын көрсетіп, қызықты идеяларды өз жобаларына енгізе алды. Үйірме жетекшісі: А. П. Полулященко


2026 жылғы 5 маусым КММ «Мектеп-балабақша №26»-да «Бисер тоқу» үйірмесінде балалар бисермен тоқудың бұрын меңгерген тәсілдерін қайталап, өз шеберліктерін жетілдірді. Оқушылар жұмыстарын үлкен қызығушылықпен орындап, шығармашылық қабілеттерін, ұқыптылықтарын және қолдың ұсақ моторикасын дамытты. Балалар үйірмеге қуана қатысып, қолөнерге деген қызығушылықтарын танытуда. Үйірме жетекшісі: Сабирхузина Ж.Р.


Бүгін, 4 маусымда 2026 күні, КММ “№26 МББК” «Музыкалық қозғалыс» үйірмесінде балалар вокалдық тыныс алу дағдыларын жетілдіру жұмыстарын жалғастырды. Бүгінгі сабақтың негізгі бағыты – бітіру кешіне арналған нөмірді дайындау болды. Ересек топ нөмірдің сөздерін жаттап, оны сахнада ұсыну мәнерін пысықтады. Үйірме жетекшісі: Каримова К.В.


 

04.06.2026 күні «№26 мектеп-балабақша» КММ «Қазақтың үні» үйірмесінің сабағы өтті. Сабақ барысында тәрбиеленушілер домбырада үйренген күйлерін қайталап, орындау шеберліктерін жетілдірді. Оқушылар белсенділік танытып, сабаққа қызығушылықпен қатысты. Үйірме жетекшісі: Салиманова Ш.О.


«№26 мектеп-балабақша»КММ жазғы демалыс кезінде 4-сынып оқушылары «Өсімдіктер патшалығы» үйірмесіне қуана қатысуда. Балала р бөлме өсімдіктеріне күтім жасауды үйреніп жүр: гүлдерге су құяды, топырағын қопсытады, мектептегі жасыл бұрыштарды күтіп-баптайды және өсімдіктердің өсуін бақылайды.

Осындай жұмыстар балалардың еңбекқорлығын, жауапкершілігін, табиғатқа деген қамқор қарым-қатынасын және қоршаған ортаға сүйіспеншілігін дамытады. Оқушылар өсімдіктер туралы жаңа мәліметтерді қызығушылықпен меңгеріп, оларды күту жұмыстарына белсенді қатысады.

«Өсімдіктер патшалығы» үйірмесі балаларға пайдалы білім беріп қана қоймай, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, уақытты тиімді өткізуге және мектеп ортасын әсем әрі жайлы етуге мүмкіндік береді.Үйірме жетекшісі: Малышкина С.А.


Бүгін, 29.05.2026 күні, «Бисер тоқу» үйірмесінде балалар «Сакура» ағашын тоқыды. Оқушылар үлкен қызығушылықпен негізгі тоқу тәсілдерін меңгеріп, әдемі жұмыстар жасады. Үйірме жетекшісі: Сабирхузина Ж.Р.


Бүгін, 29 мамырда «Палитра» үйірмесінде балалар ЖАЗДЫ салып жатыр, алдыда — демалыс, жаз, күн, гүлдер! Бүгін оларда соңғы сабақ. Шілде айында үйірме өз жұмысын қайта жалғастырады! Үйірме жетекшісі: Шаканова Г.И.


28 мамыр 2026 ж. күні «Музыкалық қозғалыс» үйірмесінде балалармен бірге жаңа репертуар таңдадық. Жарқын жазғы әндерді іріктеп, тыныс алу жаттығуларын жасадық. Үйірме жетекшісі: Каримова К.В.