
10.06.2026 ж.
2-сынып оқушылары үшін Ботаникалық баққа танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар өсімдіктер әлемімен танысып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы мағлұмат алды. Саяхат балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, таным көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді.

05.06.2026 ж. мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында оқушыларымыз ботаникалық баққа экскурсия жасап қайтты. Табиғаттың әсемдігімен танысып, өсімдіктер әлемі туралы қызықты мәліметтер алды. Экскурсия балалардың танымдық көкжиегін кеңейтіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жетекшілер: аға тәлімгер Ибадулла А.Қ.
Сынып жетекшілері: Айтжанова Б.Б., Сарсенева Р.К.

04.06.2026 жылы мектеп жанындағы жазғы лагерімізде балалар үшін қызықты әрі мазмұнды күн өтті.
Күн таңғы сергек жаттығулардан басталды. Жаттығуды Рогачева И.А. жүргізіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Психологиялық тренинг барысында Сергазина А.А. балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі ойындар мен тапсырмалар ұйымдастырды.
Ал музыкалық ритмика сабағында Аблаева Н.Е. балалармен бірге көңілді әуен ырғағында жаттығулар өткізіп, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Күннің ерекше сәттерінің бірі – оқушылардың қуыршақ театрына саяхаты болды. Балалар қойылымды үлкен қызығушылықпен тамашалап, көтеріңкі әсер алды.
Іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына аға тәлімгер Ибадулла А.Қ. және сынып жетекшілері Айтжанова Б.Б., Сарсенева Р.К. атсалысты.

03.06.2026 күні мектеп жанындағы жазғы лагерьде балалар үшін қызықты әрі көңілді күн өтті. Түрлі ойындар ұйымдастырылып, балалар белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, тәрбиеленушілер Арлекино ойын-сауық орталығы ойын-сауық орталығына барып, қызықты аттракциондар мен ойын алаңдарында уақыттарын тамаша өткізді. Балалардың шат күлкісі мен жарқын әсерлері бұл күнді ерекше есте қаларлық етті!

02.06.2026ж жазғы мектеп жанындағы лагерь оқушыларымен бірге киноға барып, қызықты мультфильм тамашаладық. Балалардың көңіл-күйі көтеріліп, жарқын әсерлерге толы күн болды. Осындай сәттер балалардың жазғы демалысын ерекше етеді! Жетекшілер: Аға тәлімгер Ибадулла А.Қ.
Сынып жетекшілер:

2026 жылдың 1 маусымында “№26 ШДС” КММ 1-сынып оқушылары “Нептун” аквапаркіне қызықты экскурсия жасады! Балалар су аттракциондарын, бассейндерді және қызықты ойын-сауықтарды тамашалап, көңілді және белсенді уақыт өткізді. Экскурсия балаларға көптеген жағымды эмоциялар, жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттер сыйлады. Мұндай іс-шаралар сыныптастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, белсенді өмір салтын дамытуға және мектеп жылдары туралы қуанышты естеліктер жасауға ықпал етеді. Ұйымдастырушылар мен ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қолдағаны және қамқорлығы үшін алғыс айтамыз!