Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – Тәуелсіздіктің ресми нышаны, ол алтын күнмен (32 сәулемен), ортасында қалықтаған қыранмен және біліктің жанындағы ұлттық ою-өрнектің тік жолағымен көмкерілген аспан-көк түсті тікбұрышты мата болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы-ортасында күн сәулесімен қоршалған шаңырақ (киіз үй күмбезі) орналасқан көгілдір фонда алтын түсті шеңбер. Екі жағында мифтік қанатты жылқылар, ал жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз бар. Төменгі жағында “Qazaqstan”деген жазу бар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Гимні
Сөзін жазғаңдар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!