
2026 жылғы 9 маусымда 9-сынып оқушыларымен «Нашақорлық: миф пе, әлде шындық па?» тақырыбында ақпараттық әңгіме өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, психикасына және қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Әңгіме барысында есірткі заттарының қауіптілігі, олардың адам өміріне тигізетін кері әсері және тәуелділіктің салдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар оқушылар тақырыпқа байланысты бейнеролик көріп, өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап берді.
Өткізілген іс-шара оқушылардың зиянды әдеттердің алдын алу туралы білімдерін кеңейтіп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге ықпал етті.
Жауапты: әлеуметтік педагог Волынец Т.Ю.

2026 жылғы 9 маусымда 2-сынып оқушыларымен «Қауіпсіз жаз» тақырыбында әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерін сақтау, су айдындарында қауіпсіздік шараларын орындау, табиғат аясында өзін дұрыс ұстау, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезіндегі сақтық шаралары туралы айтылды.
Сонымен қатар балаларға велосипед, самокат және басқа да көлік құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.
Өткізілген әңгіме оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы білімдерін нығайтып, жазғы демалыс кезінде өз денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.
Жауапты: әлеуметтік педагог Волынец Т.Ю.

2026 жылғы 08 маусымда ата-аналар чаттарына «Кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру материалы жолданды.
Аталған іс-шараның мақсаты – ата-аналардың жасөспірімдер арасында есірткі заттары мен психоактивті заттарды қолданудың себептері мен салдары туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру.
Ұсынылған материалдарда келесі мәселелер қамтылды:
* кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың және басқа да зиянды әдеттердің алдын алу;
* есірткі және психоактивті заттарды қолданудың ықтимал белгілері;
* есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау, тарату және қолдану үшін көзделген жауапкершілік;
* отбасының салауатты өмір салтын қалыптастырудағы және жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алудағы рөлі;
* жазғы демалыс кезеңінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды, олардың айналасын және қарым-қатынас шеңберін бақылауды қамтамасыз ету.
Жауапты: әлеуметтік педагог Волынец Т.Ю.
Өткізу күні: 08.06.2026 ж.

2026 жылғы 8 маусымда 2 «А», 2 «Б» және 2 «В» сыныптарында жазғы алаңдардағы қауіпсіздік техникасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі, ойын және спорт алаңдарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Сонымен қатар көшеде және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті, жол қозғалысы ережелерін сақтау, түрлі ойындар кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау туралы айтылды.
Іс-шараға жауапты – әлеуметтік педагог Волынец Т.Ю.

2026 жылғы 5 маусымда ата-аналар чаттарына «Қауіпсіз жаз» тақырыбында ақпараттық материал жіберілді. Материалда жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді: табиғаттағы, судағы, күн астындағы қауіпсіздік ережелері, жеке қауіпсіздік мәселелері және төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі қамтылды.
Жауапты: №26 МББК әлеуметтік педагогі Волынец Т.Ю.
2026 жылғы 04 маусымда сынып жетекшілері ата-аналар топтарында су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға жазғы кезеңде су айдындарында қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары туралы жадынамалар мен ұсынымдар жолданды.
Жауапты: әлеуметтік педагог Волынец Т. Ю.

2026 жылғы 4 маусымда ата-аналар чаттарында «Жыныстық жетілу кезеңі және ерте жыныстық қатынастың алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Жұмыс барысында ата-аналарға балалар мен жасөспірімдердің жыныстық жетілу ерекшеліктері, отбасыдағы сенімді қарым-қатынастың маңызы, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру және ерте жыныстық қатынастың алдын алу мәселелері бойынша ақпарат берілді.
Жауапты: әлеуметтік педагог Волынец Т.Ю.

2026 жылғы 2 маусым күні 10-сыныпта «Заңды сақта — болашақты қорға» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң бұзушылықтың салдары туралы түсінік беру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
2026 жылғы 28 мамырда 1–4 және 5–7 сынып оқушылары арасында «Жеке қауіпсіздік және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау ережелері» тақырыбында ақпараттық түсіндіру әңгімесі өткізілді. Әңгіме барысында оқушыларға бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, бөгде адамдардан тәттілерді, сыйлықтарды, ақша қаражатын және басқа да заттарды алуға болмайтындығы, сондай-ақ қауіпті жағдайлар туындаған кезде дұрыс әрекет ету тәртібі туралы ақпарат берілді.
Жауапты: ШДС №26 әлеуметтік педагогі Волынец Т.Ю.

2026 жылдың 30 сәуірінде “№26 мектеп-балабақша” КММ-де 8, 9 және 10 сынып оқушылары үшін “бұзақы”әңгімесі өткізілді. Оқушылар фильмді көріп, оның мазмұнымен танысып, алған әсерлерімен бөлісті.

Мектебімізде 2-қалалық емханадан келген акушер-гинеколог дәрігер Устемирова Дамира Ерболовна қыз балаларға арналған түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында маман қыз балалардың денсаулығын сақтау, жеке гигиена және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпараттармен бөлісті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби кеңестер алды.
Осындай тағылымды кездесулер жасөспірімдердің денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және олардың сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
«Вейпке қарсы сот»
«№ 26 мектеп – балабақша» КММ-де оқушылардың қатысуымен «Вейпке қарсы сот» тақырыбында тәрбиелік маңызы бар сахналық қойылым ұйымдастырылды.
Сценка барысында вейптің адам денсаулығына зияны, оның жасөспірімдерге тигізетін кері әсері және зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызы туралы айтылды. Оқушылар өз рөлдерін жоғары деңгейде орындап, көрермендерге үлкен ой салды.
Мұндай шаралардың басты мақсаты – жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, зиянды әдеттердің алдын алу және олардың болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Бүгін мектебімізде «Жастар экстремизмге қарсы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін кері әсері туралы түсіндіріліп, арнайы жадынамалар (памяткалар) таратылды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, жат ағымдар мен теріс идеологиялардың алдын алу, бейбітшілік пен тұрақтылық құндылықтарын насихаттау.
Ответственный социальный педагог Волынец Т.Ю

2025 жылғы 26 Қазан “мектеп-балабақша 26″КММ
7 сынып арасында әңгіме өткізілді.
“Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік”
Мақсаты: мектеп оқушыларының жауапкершілік сезімін дамытуға ықпал ету, балалардың өз іс-әрекеттері мен мінез-құлық ерекшеліктерін талдау қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ету, айналасындағыларға құрмет, төзімділікке тәрбиелеу, коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру, тапқырлықты, логикалық ойлауды дамыту. Әлеуметтік педагог: Волынец т. ю.

28 қаңтар күні «№26 мектеп-балабақша» КММ оқушылары «Закладчики. Мать» тақырыбындағы бейнефильмді тамашалады.
Фильм барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер, жастардың өміріндегі жауапкершілік, ата-ана қадірі және ананың орны терең қозғалды.
Оқушылар бейнефильмнен үлкен әсер алып, өз ойларымен бөлісті. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар оқушыларды дұрыс бағытқа жетелеп, өмірлік құндылықтарды түсінуге ықпал етеді.
Тәрбиелі ұрпақ – болашақ кепілі.

19 қаңтар 2026 жылы КММ №26 мектеп- балабақшада прокуратура, сот және полиция өкілдерімен «Заң мамандықтары» атты іс-шара тірі кездесу форматында өтті.
Қонақтар оқушыларға өз жұмыстары, жауапкершілігі және заңды сақтаудың маңыздылығы туралы айтып, тәжірибеден алынған нақты мысалдармен бөлісті және қойылған сұрақтарға жауап берді. Мұндай кездесу құқық қорғау органдарының қалай жұмыс істейтінін және азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауда қандай мамандықтардың маңызды рөл атқаратынын жақсырақ түсінуге көмектесті.
Іс-шара жылы әрі танымдық атмосферада өтіп, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға маңызды қадам болды.

01 декабря 2025 ж. 8, 9, 10, 11 сынып оқушыларымен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің инспекторымен «Есірткі: түрлері, себептері, салдары» тақырыбында әңгіме өткізілді.
19 қарашада №26 Мектеп-балабақша кешенінде «1-сынып оқушыларының бейімделуі» тақырыбында педконсилиум өтті.
Іс-шараға әкімшілік, бастауыш сынып мұғалімдері, мектепалды және балабақша тәрбиешілері, психолог, әлеуметтік педагог, логопед қатысты.
Басты мәселе — мектепалды даярлық пен бастауыш мектептің сабақтастығы. Мамандар 1-сынып оқушыларының жетістіктері мен қиындықтарын талқылап, балаларды қолдау бойынша ұсыныстар берді.
Қорытындыда мұғалімдер мен тәрбиешілердің одан әрі бірлескен жұмыс бағыттары анықталды. Мақсат — балалардың мектепке бейімделуі үшін жайлы жағдай жасау.
#адалазамат #педконсилиум
Волынец Т.Ю., әлеуметтік педагог