
«Жас қанат» аула клубының тәрбиеленушілері, №26 мектеп-балабақша оқушылары Балаларды қорғау күніне арналған ұлдар арасындағы шағын футболдан ГБЖСОБО орталығының іріктеу турниріне қатысты.
Турнирдің негізгі мақсаты – балалар арасында футболды насихаттау, талантты жас футболшыларды анықтау, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және денсаулықтарын нығайту. Сонымен қатар дене шынықтыру мен спортты дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Жас спортшылар жарыс барысында белсенділік, ұйымшылдық және жеңіске деген жігерлерін көрсетті.
Жаттықтырушы: Балуанов Е.М.
Педагог-ұйымдастырушы: Холод В.А.