
Патриоттық викторина сағаты
2026 жылғы 10 маусымда КММ «№26 мектеп-балабақша» мекемесінде 10-сынып оқушылары арасында Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздерін насихаттауға арналған патриоттық сағат викторина түрінде өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан тарихы, мемлекеттік рәміздер, елдің көрнекті тұлғалары мен батырлары туралы сұрақтарға жауап берді. Викторина қызықты әрі танымдық жағдайда өтіп, оқушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыруға, тарихи танымын кеңейтуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
Іс-шараны ұйымдастырған: НВжТП пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Нұртаев А. А. 🇰🇿📚📜

«Патриоттар уақыты» патриоттық сағаты
2026 жылғы 08 маусымда КММ «№26 мектеп-балабақша» ұйымында 3–4 сынып оқушыларына арналған патриоттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар «Патриоттар уақыты» фильмін тамашалады. Фильм жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ел тарихына құрметті және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған.
Фильмді көргеннен кейін оқушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, олар өз әсерлерімен бөлісіп, патриотизмнің, ерліктің және туған елге адал қызмет етудің маңыздылығы туралы ойларын айтты.
Іс-шараны НВжТП пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Нұртаев А. А. ұйымдастырды.

2026 жылғы 3 маусым КММ «№26 мектеп-балабақша» мекемесінде 8-сынып оқушылары арасында автоматты бөлшектеу және жинақтау бойынша турнир өткізілді. Іс-шара алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтары аясында ұйымдастырылды.
Қатысушылар автоматтың құрылысын білу деңгейін, оны дұрыс әрі жылдам бөлшектеп-жинақтау дағдыларын көрсетті. Сонымен қатар оқушылар тәртіптілік, ұқыптылық және жоғары нәтижеге ұмтылыс танытты. Турнир әскери-патриоттық тәрбиені нығайтуға және оқушылардың әскери іске деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.


29 мамыр күні 2026 жылы КММ «№26 мектеп-балабақшасында» 5-сынып оқушыларына арналған атыс дайындығы бойынша сабақтар өткізілді. Сабақ барысында оқушылар қарумен қауіпсіз жұмыс істеу негіздерімен танысып, атыс дайындығының элементтерін меңгеріп, алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті. Іс-шара оқушылардың тәртіптілік, жауапкершілік және патриоттық тәрбиесін дамытуға бағытталды.