Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

14 ақпан күні 2 «Б» сыныбында  « Киіз үй» тақырыбында  Lesson study өткіздім. Сабақ барысында  оқушылар жаңартылған білім мазмұнына сәйкес әртүрлі  әдіс-тісәлдерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығы арта түсті. Оқушылар жаңа сөздермен танысып, мәтіндерді түсініп диалог құрып , сол кейіпкерлердің  рөлдерін тамаша орындап шықты. Сабақ өте жоғары деғгейде өтті.

Сабақты бастауыш сынып мұғалімі Дручинина Ж.В. Lesson study аясында 4 «А» сыныбында: Есімдіктерді қатыстырып сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру. Есімдікке морфологиялық талдау жасау.
Сабақтарды зерделеу барысында оқушылардың өз жұмыстарының жоғары нәтижесін көрсетуге тырысқаны байқалды.
Бұл сабақтар орыс тілі сабақтарында басқа тақырыптарды оқу кезінде қолдануға болатын сөйлеуді дамытудың ең қызықты әдістерін анықтауға көмектесті.
Жанна Викторовна топтық, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық іс-әрекетін шебер ұйымдастырды.

Бастауыш сынып мұғалімі А.Е. Искакова 3 «А» сыныбындағы Lesson study зерттеуінің бір бөлігі ретінде «зат есімдерді септеу»тақырыбында өткізген сабақ.
Зерттеудің мақсаты – «Орыс тілі сабақтарында орфографиялық қырағылықты дамыту»
Мазмұны бойынша материал Сабақтың тақырыбы мен мақсатына сәйкес келді.
Мұғалім әр түрлі жұмыс түрлерін қолдана отырып, оқушылардың танымдық іс-әрекетін шебер ұйымдастырды: топтық, ұжымдық және жеке.
Lesson study зерттеуі аясында сыни ойлауды дамыту әдістерін қолдану оқушылардың үлгерімін арттырады.

 

«№26 мектеп – балабақша»КММ қазақ тілі мұғалімі Мухамедеева Айнагүл Жанатқызы 2 «А» сыныбында «Дәрігерлік кеңес» атты ашық сабақ өткізді.Сабақтың тақырыбы: шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың/сөйлемдердің мағынасын түсіну

Сабақ жаңартылған білім мазмұнына сай әдіс – тәсілдер қолданып,оқушылар тапсырмаларды орындап,сабақ мақсатына жетті. Білім алушылар белсенді қатысып,сабаққа деген құштарлығы арта түсті.

№26 мектеп  – балабақша” КММ қазақ тілі мұғалімі Кониспаева Нургуль Корганбаевна 2 “А” сыныбына «Емханада» тақырыбында lesson study өткізді. Мақсаты: Жаңа сөздермен таныстыру, мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздерді, сөз тіркесі бойынша мазмұнын болжау, мәтін бойынша сұрақ қою және жауап беріп, диалогке қатысу барысында этикет сөздерді қолдану. Сабақ жаңартылған білім мазмұнына сай өткізілді. Сабақтың өн бойына саралау жүргізілді, әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы тапсырмалар жүйелі түрде орындалды. Оқушылардың барлығы белсенді болды.   Зерттелетін оқушылардың іс әрекеттері мен күтілетін нәтижелері бағаланып, кері байланыс жүргізілді.