Патриоттық викторина сағаты
2026 жылғы 10 маусымда КММ «№26 мектеп-балабақша» мекемесінде 10-сынып оқушылары арасында Отанға деген сүйіспеншілікті, Қазақстан Республикасының тарихы мен мемлекеттік рәміздерін насихаттауға арналған патриоттық сағат викторина түрінде өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан тарихы, мемлекеттік рәміздер, елдің көрнекті тұлғалары мен батырлары туралы сұрақтарға жауап берді. Викторина қызықты әрі танымдық жағдайда өтіп, оқушылар өз білімдерін, тапқырлықтарын және топпен жұмыс жасау қабілеттерін көрсетті.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыруға, тарихи танымын кеңейтуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
Іс-шараны ұйымдастырған: НВжТП пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Нұртаев А. А. 🇰🇿📚📜