2026 жылғы 2 маусымда “гүлденген мектеп ауласы” жобасы аясында “№26 ШДС” КММ 10 сынып оқушылары мектеп жанындағы аумақта жаңа гүлзарлар жасауға қатысты. Балалар мектеп ауласын жарқын әрі тартымды ету үшін топырақ дайындап, өсімдіктердің орналасуын ойластырып, гүлдер отырғызды.


26.05.2026-5.06.2026 аралығында “Гүлденген мектеп ауласы” жобасы аясында “№26 ШДС” КММ 10 сынып оқушылары мектеп жанындағы учаскені көгалдандыруға белсенді қатысты. Балалар үлкен ынтамен гүл отырғызып, гүлзарларды ретке келтіріп, мектеп аумағын абаттандырды.

Мұндай іс-шаралар мектеп ауласын безендіріп қана қоймай, оқушылардың жауапкершілігін, еңбекқорлығын және табиғатқа ұқыпты қарауын тәрбиелейді.