20 қараша күні КММ «№26 мектеп-балабақша» бастауыш сынып оқушылары қуыршақ театрына барып, жеке гигиена дағдылары мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Мымренок» спектаклін тамашалады.
Спектакль басталар алдында балалар үшін күз тақырыбына арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Оқушылар конкурстарға, ойындарға және шағын викториналарға белсенді қатысып, ерекше көңіл күйде болды.
Іс-шара мазмұнды да қызықты өтті: балалар жарқын әсер алып қана қоймай, денсаулықты сақтаудың және мәдениетті мінез-құлықтың маңызды ережелерін бекіте түсті.



