Жарияланды: 24.11.2025
қуыршақ театры және «Мымренок»спектаклі

20 қараша күні КММ «№26 мектеп-балабақша» бастауыш сынып оқушылары қуыршақ театрына барып, жеке гигиена дағдылары мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Мымренок» спектаклін тамашалады.

Спектакль басталар алдында балалар үшін күз тақырыбына арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Оқушылар конкурстарға, ойындарға және шағын викториналарға белсенді қатысып, ерекше көңіл күйде болды.

Іс-шара мазмұнды да қызықты өтті: балалар жарқын әсер алып қана қоймай, денсаулықты сақтаудың және мәдениетті мінез-құлықтың маңызды ережелерін бекіте түсті.

« «бірінші сынып оқушыларын бейімдеу»тақырыбындағы педконсилиум «біздің кішкентай бауырларымызды қорғайық» акциясы »