Анализ профориентационной работы КГУ

2026 жылғы 23 сәуірде Мектеп оқушылары сарайында 9–11 сынып оқушыларына арналған «PROFuture Forum» облыстық кәсіби бағдар беру форумы өткізілді.
Форумның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпараттандыру, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру болды.
Форум аясында оқу орындарының көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары, гранттық мүмкіндіктер мен студенттік өмір туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар әртүрлі мамандық иелерімен кездесулер өткізіліп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Іс-шара барысында кәсіби бағдар беру бойынша тренингтер, шеберлік сабақтары және интерактивті алаңдар ұйымдастырылып, оқушылар өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпараттар алды.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

2026 жылы 28 сәуірде мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында И. Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі базасында «Жас шаштараз-стилист» атты Junior Skills кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сән индустриясы саласына қызығушылықтарын арттыру, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру және кәсіби дағдыларын жетілдіру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар шаштараз өнері бойынша теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Байқау тапсырмаларына шаш үлгісін жасау, сәндеу элементтерін қолдану, құрал-жабдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу және клиентке қызмет көрсету мәдениетін көрсету кірді.
Байқауға мектебіміздің оқушысы Алпеева Виктория қатысып, өзінің жоғары кәсіби дайындығын, шығармашылық қабілетін және шеберлігін көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша Алпеева Виктория «Фантазиялық шаш үлгісі» атты номинациясында І орынға ие болды.
Мектеп ұжымы Алпеева Викторияны жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреді.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

2026 жылғы 17 сәуір күні кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 9-сынып оқушылары Гуманитарлық-техникалық колледжде ұйымдастырылған «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды колледждің білім беру бағдарламаларымен, мамандықтарымен, оқу үдерісімен таныстыру және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру болды.
Колледж өкілдері оқушыларға оқу орнының тарихы, материалдық-техникалық базасы, қабылдау талаптары мен студенттерге жасалған мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар оқушылар оқу кабинеттерін, зертханаларды, шеберханаларды аралап көріп, заманауи жабдықтармен танысты.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

16 сәуірде 9-сынып оқушылары үшін Петропавл машина жасау және көлік колледжіне кәсіби бағдар беру экскурсиясы ұйымдастырылды. Іс-шара оқушыларды жұмысшы және техникалық мамандықтармен, сондай-ақ колледждегі оқу шарттарымен таныстыруға бағытталды.
Экскурсия барысында оқушылар оқу кабинеттері мен шеберханаларды аралап, заманауи құрал-жабдықтармен және студенттердің практикалық даярлығының ерекшеліктерімен танысты. Колледж өкілдері оқу бағыттары, оқуға қабылдау ережелері және машина жасау мен көлік саласындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы айтып берді.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В. А., Юровник И.Г.

10 сәуірде мектепте 9 және 11-сынып оқушыларына арналған Жоғары медициналық колледж өкілімен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шара оқушыларды медициналық мамандықтармен және осы салада білім алу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталды.
Кездесу барысында колледж маманы дайындық бағыттары, оқуға түсу шарттары, оқу мерзімі және оқу процесінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Әсіресе, мейірбике ісі, емдеу ісі және фармация сияқты сұранысқа ие мамандықтарға ерекше назар аударылды. Оқушылар тәжірибеден өту, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және кәсіби өсу перспективалары туралы мәлімет алды.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В. А., Юровник И.Г.

9 сәуір күні мектепте 9-сынып оқушылары үшін Д. Қизатов атындағы Жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің өкілімен кәсіптік бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында колледж маманы оқушыларды дайындық бағыттарымен, оқуға түсу шарттарымен және оқу ерекшеліктерімен таныстырды. Оқушыларға ауыл шаруашылығы саласындағы сұранысқа ие мамандықтар, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, сондай-ақ кәсіби өсу перспективалары туралы айтылды.
Оқушылар кездесуді қызығушылықпен тыңдап, студенттік өмір, тәжірибе және оқу жағдайлары туралы сұрақтар қойды.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В. А., Юровник И.Г.

КММ «№26 мектеп-балабақшада» бастапқы әскери және технологиялық дайындық сабағы аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен танымдық кездесу өтті.
Қонақтар оқушыларға өз мамандықтары, ҰҚК қызметінің негізгі бағыттары, Отанға қызмет етудің маңыздылығы және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтып берді. Әңгіме барысында патриотизм, жауапкершілік, тәртіп және болашақ мамандықты таңдау мәселелері қозғалды.
Сондай-ақ оқушылар АК-74 автоматын бөлшектеу және жинақтау дағдыларын көрсетіп, өздерінің дайындық деңгейін, тәртіптілігін және әскери-қолданбалы сабақтарға деген қызығушылығын танытты.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақты әскери-патриоттық рухта тәрбиелеуге, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және Отан қорғаушыларға деген құрметті арттыруға ықпал етеді.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В. А., Юровник И.Г.

8 сәуір күні 10–11 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментіне кәсіби бағдар беру экскурсиясы ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында департамент мамандары оқушыларды өз қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, табиғи монополияларды реттеудің ел экономикасындағы рөлі мен бұл саланың қоғам үшін маңызы туралы айтып өтті. Оқушылар сұранысқа ие мамандықтар, мамандарға қойылатын талаптар және тиісті білім алу мүмкіндіктері туралы білді.
Департамент қызметкерлерімен өткен сұхбат ерекше қызығушылық тудырды, оның барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В. А., Юровник И.Г.

2026 жылдың 1 сәуірінде “№26 мектеп-балабақша” КММ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушыларға кәсіби бағдар беру бойынша Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі Ахонов Арман Жәрдемғалиевичпен кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беру, сондай-ақ әскери қызметтің мүмкіндіктері мен әскери оқу орындарына түсу жолдары туралы ақпарат беру.
Кездесу барысында Ахонов Арман Жәрдемғалиевич оқушыларға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылымы, әскери қызметтің ерекшеліктері, үміткерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу тәртібі туралы кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, Отанды қорғаудың маңыздылығы, патриоттық тәрбие және жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар әскери қызметшілерге берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер, мансаптық өсу мүмкіндіктері, әскери жоғары оқу орындарындағы оқу шарттары туралы толық ақпарат алды. Кездесу еркін форматта өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауаптар алды.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

2026 жылдың 16 наурызы күні мектеп қабырғасында Солтүстік Қазақстан университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымының кандидаты Таласпаева Жанар Серкешовнамен кездесу өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, жоғары оқу орны туралы толық ақпарат ұсыну және оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Кездесу барысында Жанар Серкешовна университеттің білім беру бағдарламалары, ерекшеліктері, оқу үдерісі, студенттердің ғылыми және шығармашылық мүмкіндіктері туралы кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, талапкерлерге қойылатын талаптар, грант мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары және студенттік өмір жайлы ақпараттар ұсынылды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтың болашағы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы нақты жауаптар алды. Кездесу еркін форматта өтіп, пікір алмасу арқылы жалғасын тапты.
Іс-шара соңында мектеп әкімшілігі мен оқушылар өз алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Бұндай кездесулер оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға үлкен септігін тигізеді.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

2026 жылы 11 наурыз күні «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында “№26 мектеп-балабақша” КММ 9-сынып оқушылары Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжі ұйымдастырған Ашық есік күні іс-шарасына қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға кәсіби бағдар беру, колледжде оқытылатын мамандықтармен таныстыру және болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру болды. Оқушылар колледждің оқу кабинеттері, зертханалары және шеберханаларымен танысып, оқу үдерісі туралы мәлімет алды. Сонымен қатар студенттердің дайындаған шеберлік сабақтары мен шығармашылық көрмелерін тамашалады. Колледж өкілдері 9-сынып түлектеріне оқу орнына түсу талаптары, қажетті құжаттар, оқу мерзімі және мамандықтардың ерекшеліктері туралы түсіндірді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтар туралы толық ақпарат алды. Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына және еңбекке деген құрметін арттыруға ықпал етеді.
Аталған іс-шара 9-сынып оқушыларының кәсіби бағдарын қалыптастыруға және олардың болашақ білім алу бағытын анықтауға көмектесті.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

2026 жылдың 4 нарызында “№26 мектеп-балабақша” КММ мектептің 11-сынып оқушылары «Еңбегі адал-жас өрен» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан университеті ұйымдастырған Ашық есік күні іс-шарасына қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру, жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламаларымен таныстыру және болашақ мамандықты таңдауға көмектесу болды. Ашық есік күні барысында университет оқытушылары мен студенттері оқу орнының тарихы, факультеттері, білім беру бағдарламалары және студенттік өмір туралы кеңінен ақпарат берді. Оқушылар университеттің оқу аудиторияларымен, зертханаларымен және оқу-ғылыми базасымен танысты. Сонымен қатар университет студенттері дайындаған таныстырылымдарды, шеберлік сабақтарын және шығармашылық көрмелерді тамашалады.
Университет өкілдері талапкерлерге оқу орнына түсу шарттары, қажетті құжаттар, білім гранттары мен оқу мүмкіндіктері туралы түсіндіріп өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандықтар туралы толық мәлімет алды.
Аталған іс-шара 11-сынып оқушыларының болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына, жоғары оқу орындары туралы түсініктерін кеңейтуге және кәсіби бағыт-бағдарын анықтауға ықпал етті.
Кәсіби бағдар беруші: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

2026 жылдың 2 наурызы күні “№ 26 мектеп-балабақша”КММ «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында 9-сынып оқушылары үшін «Ескендір Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» КММ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, колледжде оқытылатын мамандықтармен таныстыру және болашақта мамандық таңдауға көмек көрсету мақсатында өткізілді.
Кездесу барысында колледж өкілдері оқушыларға келесі ақпараттарды ұсынды:
- Колледждің тарихы, факультеттері және мамандықтар түрлері.
- Білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, оқу мерзімі, практикадан өту мүмкіндіктері.
- Колледжге түсу шарттары, қажетті құжаттар және гранттар мен стипендиялық бағдарламалар.
- Колледжде студенттердің оқу барысы, шығармашылық және кәсіби жетістіктері.
Кездесу нәтижесінде оқушылар кәсіби бағдарлау тұрғысынан кең ақпарат алып, өз болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт алды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға және білім алу бағыттарын айқындауға ықпал етеді.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

24 ақпанда мектептің кәсіби бағдар беруші мұғалімдері «Қосымша білім берудегі тәрбиеленушілердің кәсіби бағдарлануы және кәсіби өзін-өзі анықтауы» тақырыбындағы қалалық семинарға қатысты.
Семинар барысында мамандар педагогтармен оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерін, қосымша білім берудің мүмкіндіктерін және кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді әдістерін талқылады. Қатысушылар тәжірибе алмасып, практикалық мысалдарды қарастырды және оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар алды.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В. А., Юровник И.Г.

20 ақпанда мектепте 9-сынып оқушылары үшін ТОО «Бескөл мектеп-колледжі» өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды.
Әңгіме барысында колледж өкілдері дайындық бағыттары, қабылдау ережелері және оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы айтып берді. Оқушылар колледжде меңгеруге болатын мамандықтар, практикалық білім алу мүмкіндіктері және болашақта жұмысқа орналасу жолдары туралы ақпарат алды.
Кездесу еркін диалог форматында өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В. А., Юровник И.Г.

19 ақпанда мектепте кәсіби бағдар беру жұмысы аясында 9-сынып оқушыларының Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің өкілдерімен кездесуі өтті.
Іс-шара барысында колледж мамандары оқушыларды оқуға түсу шарттарымен таныстырып, сұранысқа ие медициналық мамандықтар мен оқу ерекшеліктері туралы айтып берді. Оқушылар денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және медициналық қызметкерлердің қоғамдағы маңызы туралы білді.
Оқушылар қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, болашақ мамандықты таңдау бойынша толық ақпарат алды.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В. А., Юровник И.Г.

11 ақпанда 9–11 сынып оқушылары үшін Солтүстік Қазақстан облысы Қорғаныс істері департаментінің өкілдерімен кәсіби бағдар беру кездесуі өткізілді.
Іс-шара барысында мамандар жоғары сынып оқушыларына әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, үміткерлерге қойылатын талаптар және әскери қызметтің ерекшеліктері туралы айтып берді. Оқушылар әртүрлі әскери мамандықтар, мансаптық өсу мүмкіндіктері және ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әскери мамандықтың маңызы туралы білді.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В. А., Юровник И.Г.

2026 жылдың ақпан айында 9-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру мақсатында кәсіптік бағдар беруші мұғалімдер мен мектеп психологы Сергазина А.А. тарапынан түсіндіру және әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Әңгімелесу барысында оқушылардың болашақта қай оқу орындарына түсуді жоспарлайтыны, қандай мамандықтарға қызығушылық танытатыны анықталды. Әңгімелесу барысында оқушыларға колледждер мен жоғары оқу орындары туралы жалпы ақпарат беріліп, мамандық таңдаудың маңыздылығы түсіндірілді. Оқушыларға өздерінің қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес мамандық таңдауға кеңес берді. Сонымен қатар аймақтағы әртүрлі колледждер мен техникалық оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы мәліметтер ұсынылды.
Әңгімелесу нәтижесінде оқушылардың бір бөлігі колледждерге түсіп, белгілі бір мамандықты ертерек меңгеруге қызығушылық білдірсе, ал кейбір оқушылар 10-сыныпта оқуын жалғастырып, кейін жоғары оқу орындарына түсуді жоспарлап отырғандарын айтты. Оқушылар арасында техникалық, медициналық, педагогикалық және қызмет көрсету саласындағы мамандықтарға қызығушылық танытқандар бар екені анықталды.
Жүргізілген кәсіптік бағдар беру жұмысы оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етіп, олардың өз мақсаттарын айқындауына көмектесті.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

2026 жылдың қаңтар айында “№26 мектеп-балабақша” КММ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында оқушыларға кәсіби бағдар беру және әскери қызметке қызығушылықтарын арттыру мақсатында 10–11-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілі Нұрланов Эльдар Мұратович қатысты.
Іс-шара барысында оқушыларға Шекара қызметінің қызметі, оның еліміздің мемлекеттік шекарасын қорғаудағы маңызы туралы ақпарат берілді. Департамент өкілдері шекара қызметінің ерекшеліктері, әскери қызметшілерге қойылатын талаптар және болашақ шекарашыларға қажетті кәсіби қасиеттер жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар оқушыларға әскери оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы мәлімет беріліп, соның ішінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясы туралы кеңінен таныстырылды. Академияға түсу талаптары, медициналық және дене дайындығынан өту тәртібі, оқу ерекшеліктері мен болашақтағы қызметтік өсу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Кездесу барысында оқушылар шекарашылардың негізгі міндеттерімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Департамент өкілдері Отанды қорғау, патриотизм, жауапкершілік сияқты қасиеттердің маңыздылығын атап өтті.
Өткізілген кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың әскери мамандықтар туралы білімдерін кеңейтіп, болашақ мамандықтарын таңдауға бағыт-бағдар берді.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

2026 жылдың 21 қаңтарында “№26 мектеп-балабақша” КММ «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру және ата-аналарды техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру мақсатында “Петропавл машина жасау және көлік колледжі” өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында колледж мамандары оқыту бағыттары, оқуға түсу шарттары, оқу ерекшеліктері және түлектердің болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып берді. Ата-аналар машина жасау, көлік және техникалық қызмет көрсету салаларындағы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы толық ақпарат алды.
Колледж өкілдері оқу орнының материалдық-техникалық базасымен таныстырып, заманауи шеберханалар мен зертханалар туралы, сондай-ақ студенттердің қала кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар колледждің жұмыс берушілермен ынтымақтастығы және студенттердің болашақта жұмысқа орналасу перспективаларына ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құжат тапсыру мерзімдері, қабылдау ережелері, шәкіртақы алу мүмкіндіктері және жатақханамен қамтамасыз ету туралы ақпарат алды.
Өткізілген кәсіби бағдар беру жұмысы ата-аналардың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі туралы ақпараттарын арттырып, балаларының болашақ мамандығын таңдауда дұрыс бағыт алуға көмектесті.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

2025 жылғы 22 желтоқсанда 9-сынып оқушылары Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған, шеберлік сыныптарының элементтері қамтылған облыстық жастар форумына қатысты. Форум Петропавл қаласындағы Б. Ешимов атындағы «Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМКҚ базасында өтті.
Форум барысында білім алушылар сұранысқа ие жұмысшы мамандықтармен танысып, тәжірибелік шеберлік сыныптарына қатысып, кәсіби білім алу және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы түсінік алды.
Аталған форумға қатысу оқушылардың кәсіби дүниетанымын кеңейтуге, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беруге және жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

2025 жылғы 11 желтоқсанда 9-сынып оқушыларына арналған “Кәсіптер әлеміндегі Профи TIME” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара жасөспірімдердің еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи мамандықтар туралы түсініктерін қалыптастыру және оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында дәстүрлі жұмысшы мамандықтарымен қатар, жаңа технологиялық салалармен байланысты кәсіби дамудың перспективалық бағыттары талқыланды. Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, мансаптық мүмкіндіктер мен еңбек нарығының талаптары туралы сұрақтар қойды. Интерактивті ойындар ұйымдастырылды, онда оқушылар белгілі бір мамандық өкілінің рөлін сынап көре алды, кәсіби бағдарлауға арналған шағын тесттерден өтіп, нәтижелерін талқылады.
Дөңгелек үстел оқушылардың кәсіби деңгейін кеңейтуге ықпал етті, мамандық таңдауға деген қызығушылықты арттырды, кәсіби өзін-өзі анықтаудың маңыздылығын түсінуге және болашақ мансапқа қадамдарды жоспарлауға көмектесті.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

2025 жылдың 3 желтоқсанында Оқушылар сарайында 9-11 сынып оқушыларына арналған “Кәсіптер әлемі” атты кәсіптік бағдар беру сессиясы өтті. Іс-шара оқушылардың заманауи мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтуге және одан әрі білім беру және кәсіби жолды саналы түрде таңдауға көмектесуге бағытталды.
Сессия барысында қатысушылар еңбек нарығындағы сұранысқа ие бағыттармен танысып, әртүрлі мамандықтарға қойылатын талаптар, кәсіби өсу мүмкіндіктері мен даму перспективалары туралы білді. Оқушылар белсенді әңгімелерге, талқылауларға қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
“Кәсіптер әлемі” кәсіптік бағдар беру сессиясы жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі анықтауы үшін пайдалы алаңға айналды, олардың мүдделері, қабілеттері және болашақ мамандықтары туралы ойлауға көмектесті.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.

2025 жылғы 20 қараша мен 4 желтоқсан аралығында 2-4 сынып оқушылары үшін балаларды ересектердің әртүрлі кәсіптерімен таныстыруға бағытталған “Кәсіптер әлемі” квест-ойыны өткізілді. Іс-шара бастауыш сынып оқушылары үшін өте қызықты ойын түрінде өтті.
Квест барысында балалар әртүрлі станциялардағы тапсырмаларды орындады, кәсіптердің суреттері бар карточкаларды анықтады, мозаика жинады және командаларда жұмыс істеді. Жұмыстың бұл түрі танымдық қабілеттерді, ойлауды, есте сақтауды, сөйлеу мен зейінді дамытуға, сондай-ақ ынтымақтастық пен топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.
Бұл ойында оқушыларға ересектердің еңбегіне құрметпен қарауға және әр мамандықтың маңыздылығын түсінуіне ерекше назар аударылды. Квест ойыны балалардың қызығушылығы мен жағымды эмоцияларын тудырды, ал алынған білім олардың мамандықтар әлемі туралы түсініктерін кеңейтуге көмектесті.
Кәсіби бағдар беруші: Юровник И.Г.
2025 жылдың 14 қарашасы күні «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің» өкілдері мектебімізге келіп, колледждің оқу мүмкіндіктері, мамандықтары және болашақта маман ретінде қалыптасу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында колледж мамандары оқу орнының тарихы мен басты мақсаттарын таныстырып, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие құрылыс және экономикалық бағыттағы мамандықтар туралы баяндады. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, оқу мерзімі, оқыту жүйесі, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері және студенттерге көрсетілетін әлеуметтік қолдау түрлері туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қабылдау шарттары, грант мүмкіндіктері және студенттік өмірдің ерекшеліктері туралы толық жауап алды. Көптеген 9-сынып оқушылары кездесу олардың болашақ мамандығын таңдауда бағыт-бағдар беріп, жаңа мүмкіндіктерге көзқарастарын кеңейткенін атап өтті.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.
12 қараша күні біздің мектептің 9-сынып оқушылары «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжінің ашық есік күніне қатысты. Оқушылар колледжде оқытылатын мамандықтармен танысып, сұранысқа ие арнайы бағыттар, қабылдау талаптары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Колледждің оқытушылары мен студенттері оқу кабинеттері мен шеберханаларға экскурсия жасап, заманауи техникалық оқыту құралдарын көрсетіп, студенттік өмір жайлы әңгімеледі.
Кәсіби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г
2025 жылдың 6 қарашасы күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “№26 мектеп-балабақша” КММ 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерді ел қауіпсіздігін қорғау саласына қызықтыру және патриоттық рухты нығайту. Аталған іс-шараға Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері арнайы шақырылды. Қызметкерлер оқушылармен ашық сұхбат құрып, оларды отансүйгіштікке, жауапкершілікке, темірдей тәртіп пен адалдыққа шақырды.
Кәсіпби бағдар берушілер: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.
2025 жылдың 4 қарашасында “№26 мектеп-балабақша” КММ «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында 10-11-сынып оқушыларымен Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) өкілдері кәсіптік бағдар беру бойынша іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: мектеп оқушыларын түрлі мамандықтармен таныстыру, болашақта оқу бағытын дұрыс таңдауға көмектесу. Іс-шарада оқушыларға кәсіби бағдар бойынша кеңестер беріп, мамандық таңдаудағы бағыттар, оқу жолдары, талаптар туралы мәліметтер ұсынылды. Университет өкілдерімен тікелей кездескендіктен, оқушылар сенімді ақпараттар алып, өздеріне қатысты шешімдер қабылдауға көмек алды.
Кәсіпби бағдар беруші: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “№26 мектеп-балабақша” КММ Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы академиясы (ҰҰА) өкілдерімен 10-11-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру бойынша кездесу өткізілді. Кездесудің басты мақсаты — жас ұрпақты адал еңбекке, азаматтық жауапкершілікке, құқықтық мәдениетке бағыттау. Кездесу барысында оқушыларға академияға түсу шарттары, оқу мерзімі, әрі қарайғы еңбек жолы туралы мәлімет берілді. Сонымен қатар презентация (академияның оқу-даярлау бағдарламалары жайлы), бейнероликтер көрсетіліп, брошюралар таратылды.
Кәсіпби бағдар беруші: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.
2025 жылдың қазан айында “№26 мектеп-балабақша” КММ «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында 10-11 сыныптарға «Мамандықтар әлемінде» атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушыларға әртүрлі мамандықтар әлемімен танысуға мүмкіндік беру, мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына жәрдемдесу. Жоба арқылы еңбекке деген құрмет, адал еңбек құндылықтарын қалыптастыру.
Университет өкілдері оқушыларға СҚУ-дағы оқу мүмкіндіктері, инфрақұрылым, түсу тәртібі мен білім алу шарттары жайлы толық ақпарат ұсынды. Сонымен қатар мамандық таңдауға байланысты әртүрлі мамандықтар туралы таныстырып, олардың артықшылықтары, талаптары, болашақтағы еңбек нарығындағы сұраныстары жайлы баяндады.
Кәсіпби бағдар беруші: Суфиянова В.А., Юровник И.Г.
1 «Б» сынып оқушыларымен мамандар әлемі және олардың қоғам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптастыру мақсатында «Әр мамандық маңызды» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында балалар әртүрлі еңбек түрлерімен танысып, өз ата-аналарының мамандықтары туралы әңгімеледі, танымдық ойындар мен шығармашылық тапсырмалар орындады. Іс-шара еңбекке құрметпен қарауды дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және болашақ кәсіби қызметке қызығушылықты тәрбиелеуге ықпал етті.
Кәсіби бағдар беруші: Юровник И.Г.
«Еңбекқорлық және кәсіпқойлық» айы аясында «Объективтегі мамандық» фотобайқауы өтті. Байқауға қатысушылар фотокамера объективі арқылы түрлі кәсіптердің әртүрлілігі мен маңыздылығын жеткізуге тырысты.
Байқауға 1-11 сынып оқушылары қатысты. Суреттерде дәрігерлер, құрылысшылар, тәрбиешілер, полиция қызметкерлері, аспаздар, инженерлер және басқа да көптеген кәсіп өкілдерінің жұмыс сәттері бейнеленген.
Байқау мамандықтар әлемі туралы ойлауға, шығармашылық көзқарас танытуға және әртүрлі мамандықтағы адамдардың еңбегіне құрмет көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.
2025 жылдың қыркүйегінде «Еңбекқорлық және кәсіпқойлық» айы аясында 1-11 сынып оқушылары арасында «Менің арманымдағы мамандық» атты суреттер байқауы өткізілді. шылар, әскерилер, Суретшілер және басқа да қызықты мамандықтардың өкілдері.
Байқаудың мақсаты — балаларға болашақ туралы ойлануға, олардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, мамандықтар әлеміне деген қызығушылықтарын қалыптастыруға көмектесу.
Байқауға қатысушылардың жұмыстары жарқын, ерекше және шынайылығымен ерекшеленді. Әрбір сурет баланың сүйікті ісінде өзін-өзі жүзеге асыруға деген арманы мен ұмтылысын көрсетті. Үздік жұмыстар грамоталармен марапатталып, суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Әйел-дан кәсіптік бағдар беру жұмыстар 2022-2023 оқу жылына
«№26 мектеп-балабақша» КММ-де
- Бүтіны кәсіптік бағдар беру орталығымектептегі иондық жұмыс: оқушыларға болашақ мамандығын таңдауға көмектесу, мектептегі оқу профилін анықтау; дұрыс мамандандырылған мектепті, колледжді, университетті таңдау; оқушыларды заманауи кәсіптердің алуан түрлі әлемімен таныстыру; өзін-өзі тануға деген қызығушылықты және кәсіби дамуға деген ұмтылысты ояту
- Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының міндеттері: Кәсіптік бағдар беру қызметінің объектілерінде адам өмірінің белгілі бір салаларына бейімділігін анықтау; Осы салада кәсіптердің болуы туралы ақпараттандыру; Белгілі бір тауашаны иеленуге деген ұмтылысты қалыптастыру және оны жүзеге асыруға көмектесу. Оқушылар өздері қалаған мамандық бойынша өз күштерін сынап көре алатын жағдайларды жасау.
- -Мен өзара әрекеттесу колледждермен үшін 2022-2023 оқу жылының кезеңі жылдың.ҚМУ «№26 мектеп-балабақша» оқу жылы бойы келесі білім беру мекемелерімен тығыз байланыста жұмыс істеді:
- Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі (мектеп аумағында колледж өкілімен 2 кездесу, 2 экскурсия, кәсіптік бағдар беру бойынша 1 іс-шара)
- Петропавл машина жасау колледжі (колледж аумағына 1 экскурсия, колледж өкілімен 1 кездесу)
- Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК Байкен Әшімова» (1 экскурсия, 1 колледж өкілімен әңгімелесу)
- Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі ( 1 экскурсия, колледж өкілімен 2 әңгімелесу)
- Атындағы жоғары колледж Мағжан Жұмабаев (1 экскурсия, колледж өкілімен 3 әңгімелесу)
- Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі. И.Дәуітова (1 экскурсия, колледж өкілімен 1 әңгімелесу)
- Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі ( 1 колледж өкілімен кездесу)
- Солтүстік Қазақстан кәсіптік оқыту және сервис колледжі (1 экскурсия, 1 мастер-класс, 1 кездесу өкілімен)
- Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі ( дөңгелек колледж өкілімен үстел)
- ЖОО өкілдерімен кездесулер:
- СҚУ Қозыбаев атындағы (педагогика кафедрасының өкілімен 3 кездесу)
- Қазақша-Америка университеті (кездесу кәсіптік бағдар беруші арқылы ҚАУ, күніне қатысу ашылған терге арналған есіктер. «СКИФ» СК)
- Республика Ұлттық ұланының әскери институты Қазақстан Петропавл қ. (VI-ге 1 экскурсия, өкілмен 6 кездесу)
- Омбы мемлекеттік жолдар және қатынастар университеті (университет өкілімен 1 кездесу)
- ҚР ІІМ Қостанай академиясы Шракбек атындағы Кабылбаева( 2 білім беру мекемесінің өкілдерімен кездесулер)
Ұйымдастырылған кездесулер мен іс-шаралардан басқа, жоспарға сәйкес, 9, 10, 11-сынып оқушыларының ата-аналарына және оқушылардың өздеріне білім беру мекемелері туралы ақпараттарды чат арқылы тарату жұмыстары белсенді жүргізілуде.
- Сыныптар бөлінісінде оқушыларға сауалнама жүргізу (саны)
| № | 1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан | ||||
| Оқушыларға сауалнама жүргізу кәсіптік бағдар беру бойынша | қамту | Оқушының бағыттылығын диагностикалау | қамту | Сауалнама жүргізу | қамту | АСПМ бойынша тестілеу | қамту | |
| 9А(20) | 18 | 20 | 20 | 9 | ||||
| 9Б(14) | 12 | 14 | 14 | 4 | ||||
| 9Жылы(16) | 16 | 16 | 16 | 10 | ||||
| 10(15) | 15 | 15 | 15 | — | ||||
| 11(12) | 12 | 12 | 12 | — | ||||
Оқу жылы бойы мектеп психологы Е.В. Мансуровамен бірлесіп 9, 11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен әңгімелесу белсенді жүргізілдіжәне кәсіби өзін-өзі анықтау бойынша.
| Мектептің атауы | ТжКБ | Зауыттар/кәсіпорындар | ЖОО өкілдерімен кездесулер саны | Басқа ІС-ШАРАЛАР (саны) | |||||||||||||||||
| Өкілдермен кездесулер саны ТжКБ | Барлық қатысқандар (адам) | Экскурсиялар саны | Барлық қатысқандар (адам) | Экскурсиялар саны | Барлық қатысқандар (адам) | Өкілдермен кездесулер өткізу | Барлық қатысқандар (адам) | ҚР | Барлық қатысқандар (адам) | РФ | Барлық қатысқандар (адам) | Др. елдердің | Барлық қатысқандар (адам) | Кәсіптік бағдар беру бойынша сауалнама жүргізу (саны қабылданды қатысу ) | Конкурстарға, конференцияларға қатысу | Кәсіптік бағдар беру бойынша басқа іс-шараларға қатысу: кездесулер, дөңгелек үстелдер және т.б | |||||
|
1 |
ҚДС 26 |
13 |
61 |
8 |
61 |
0 |
0 |
0
|
0 |
4 |
23 |
1 |
12 |
0 |
0 |
4 |
1 |
2 |
|||
Сілтеме: https://docs.google.com/spreadsheets/d/1k4tmU-8-3c657MtjJHR4DMUE7xGPf464YPacmbl-tvU/edit?usp=sharing
Білім бөлімінің 2023-2024 оқу жылына арналған жоспарына ұсыныс
(семинар, мастер-класс, ЖММ)
| № | Мектеп | Ф.Педагог-кәсіптік бағдар берушінің М.А. | Өткізу нысаны | Іс-шараның атауы | Мерзімдер өткізу мерзімдері |
| 1 | ҚДС «: | Әбілмәжінова Айымгүл Ахатқызы | ЖММ | «Мамандықтар әлемінде» | Наурыз 2024 |
«Ата-аналар балаларға мамандық таңдайды»
кәсіби бағдарлау бойынша пікірсайыс турнирі
9 сынып оқушылары Әшімов атындағы теміржол көлігі және машина жасау колледжіне барды



















